Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Режиссердің түстері» жарық көрді...

28.10.2013 4894

«Режиссердің түстері» жарық көрді

«Режиссердің түстері» жарық көрді - adebiportal.kz
7281e7074d1c26a7ed5c07bcd6dd30eb.jpg



Жас қаламгер Арман Әлменбеттің «Режиссердің түстері» атты кітабы жарыққа шықты.



Кітаптың алғы сөзін жазған «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Тоқтарәлі Таңжарық: «Арман Әлманбет – жаңа ғасырдың жазушысы. Сөз бен ойды Бейімбетше үнемдеп қолданады. Әңгімелерінің тақырыптық жүлгесі де, ой өрнегі де Бейімбеттік өріске ұқсайды. Бұл – қайталау емес, дәстүрдің жалғастығы. Әдеби дәстүрді кеңейту, жаңа идеялар иірімімен толықтыру кейінгі толқынға міндет. Өзіндік өлшем, тек автордың өзіне тән қолтаңбаның да қалыптасып үлгіргенін айтуға тиіспіз. Қолыңыздағы осы кітап көзі ашық көкірекке талай ой салары анық. Бір рет оқыған жан, аз уақыт өткен соң армандық кеңістікті аңсамай тұра алмас...» , - деп пікірін білдірген. 

Кітапқа жас қаламгердің «Мимырт» романы, «Ерлі-зайыпты», «Алғашқы қар», «Аңшы» тәрізді бірнеше әңгімелері мен «Әке», «Группаласымның жазғаны», «Нәресте. Адам. Жер» секілді ойтолғамдары енген. 

Естеріңізде болса, Арман Әлменбет «Массагет» порталының тілшісіне берген сұхбатында: «Биыл «Жас толқын» сериясымен кітабым шығатын боп жатыр, бұйыртса. Бұл жаңалықты естіген соң, өзім біраз уақыт көндіге алмай жүрдім. Кітап шығару деген бұйырмас бақыт секілді көрінетін. Бірақ ұсыныс түсіп тұрған соң, пендешілігім ұстап, келісіп қойдым. Ал жазғаным онша көп емес. Он шақты әңгімем өзіме ұнайды, ұнамайтын он шақты әңгімем бар. Бір көлемділеу дүние жазып жатырмын, әзірге не екенін айтпай-ақ қояйын», - деген болатын. Көп күттірмей-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жас толқын» сериясымен кітабы да оқырмандар қауымына жол тартты. Автордың сұхбатта айтқан бір көлемділеу «дүниесі» де осы кітапқа енген. Ол «Мимырт» романы. Замандастары арасынан суырылып, алғаш болып роман жазуға бел байлаған Арманның бұл туындысы көп көңілінен шығары анық. 

«Мен әлі жазушы емеспін. Бірақ өзімді алып жазушы бола алатын адаммын деп ойлаймын» деген замандасымыздың бұл қуанышына бізде ортақтасып, алыптар қатарынан көрінуіне тілек білдіреміз.


Қайныр көз: baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар