Екі батыр, қаны бір, намысы бір,
Миллиардтар елінде алысып жүр.
Бойларынан бұрқырап жусан исі,
Жылқыдай кісінесіп, табысып жүр.
-Келші, баурым! Құшақтайын, қысайын,
Ұршы, баурым! Жығылып, жер құшайын.
Бір қазақтан бір елдің биік намысы,
Көкбайрақты қалай жерге басайын!
-Қалай ұрам, есіл ерім, егейім!
Сен ұр мені, көтерейін, көнейін.
Шетте жүрген сан мыңдаған қазақтың,
Бір көтерші абыройын, мерейін.
-Бауырм-ай,
-Бауырм-ай, қандасым!
Жанымыз бір, қанымыз бір болғасын!
Өз-өзін аямайтын қатігездік,
Тегімізге таңба болып қалмасын!
Міне ғажап бауырмалдық құдірет.
Жібермеді кеудедегі жұмыр ет!
Бөрі текті батыр қазақ осындай,
Сатылмайтын дүниенің құлы боп!
