Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. XIX рет өткізіліп отырған бұл байқауға еліміздің түрлі саладағы таланттарымен қоса Ресей (Мәскеу, Казань), Украина, Қытайдан келген жастар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Өз кезегінде,«Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жеңімпаз ақындарды қазылар алқасының төрағасы Несіпбек Айтұлы, «Әдебиет порталының» жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы мен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы төрағасының орынбасары Нарима Мұхамбеталина марапаттады.
Сонымен, «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жеңімпаз ақындар:
Ербол Алшынбай – Гран-При, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;
Асылбек Жаңбырбай – 1-орын Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;
Айдана Сегізбаева – 2-орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге;
Медет Божан – 3 - орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 150 000 теңге
Әлішер Әлімжан – «Әдебиет порталының» атынан Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлық 50 000 теңге
Арман Шеризат – Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан арнайы сыйлық 75 000 теңге.
Ұмтыл Зарыққан – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов атындағы атаулы сыйлық 75 000 теңге.
Айта кетейік, «Шабыттың» Гран-при иегерлерін бүгін кешке Бейбітшілік және келісім сарайында арнайы марапаттайтын болады.
Фото: Ақбота Күзекбай
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.