"Шабыттың" Гран-при иегерінің тұңғыш жыр жинағы шықты
Қостанайдағы Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, Халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері Абылай Маудановтың «Көкалатым - киелім» кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ақынның «Сары дәптер» деп аталатын тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсіміне Тобыл өңіріндегі зиялы қауым өкілдері түгел жиналды.
Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының директоры Ғ.Ахметчин мен кітапты басып шығарған «Қарлығаш» баспасының директоры Ә.Әмір «Сары дәптердің» тұсауын кесті. Кеште жергілікті қаламгерлер Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхмет, Әсия Беркенова, Әлфия Орманшина, композитор Бақытжан Сәуекенов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қалмақов және бір топ театр әртістері ақынға жүрек жарды лебіздерін арнап, өлең-жырдың тиегін ағытты. Ақынның ата-анасы Фазылхан әкей мен Биғайша анамыз да тереңнен толғады. Белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов кешті поэзия мерекесіне балады. Оның да өзіндік себебі жоқ емес. Жоғарыда айтқан театр әртістері А.Мауданов өлеңдерін нәшініне келтіріп орындап берді.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
