Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сәкен Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылд...

20.09.2017 6897

Сәкен Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Сәкен Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - adebiportal.kz

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, драматург, көзі тірісінде Сәкен сері атанған жазушы Сәкен Жүнісов тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырған Сәкен Жүнісов 117 пьеса жазған. Кейін «Жапандағы жалғыз үй», «Аман-ай мен заман-ай», "Ақан сері", "Жаралы гүлдер" секілді ірі туындылары дүниеге келді. Сәкен Нұрмақұлы көзі тірісінде 40-тан аса ғылыми еңбек жазған. Ал оның драмалық шығармалары көп жылдар бойы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуарынан түскен емес. Көптеген пьесалары облыс театрларында да қойылған. Бұл туралы жазушының замандасы, режиссер Есмұхан Обаев:

– Ақ жарқын, сұлу жүзді, жаны да сұлу, жан тербететін дүниелер жазған адам. Тапсырыспен жазбаған ешқашан. Оған ескерткіш қойса да болады. Осының өзін кеш қойып тұрмыз ба деймін. Сәкен кеткелі қанша уақыт болды. Әлі болады ғой, ұрпақ бар алда, - деп лебізін білдірді, ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар