Гүзел Яхина Алматыда
Танымал ресей жазушысы, мәдениет саласындағы Ресей Федерациясы Үкімет сыйлығының лауреаты, «Ясная поляна», «Большая книга» және Сербия Үкіметінің «Иво Андрич» атындағы сыйлықтарының иегері Гүзел Яхинаның «Самарқанға бағыт алған эшелон» атты романын «Фолиант» баспасы қазақ тіліне аударып, ана тіліміздегі әдебиеттер қорын тағы бір үздік шығармамен толықтырған болатын.
Жазушы Гүзел Яхинаның еңбектері қазақ оқырмандарының жанына жақын. Себебі автордың еңбектеріндегі тізбектелген оқиғалар желісінің бірқатары қазақ жерінде өрбиді. Зұлмат жылдарда зардап шексе де, өмірге деген сенімділігі мен адамгершілігін жоғалтпаған кейіпкерлерден рухы бір бауырлас жандарды көреміз.
Сол себепті, әлем әдебиетінің озық туындыларын қазақ тіліне аударуда қарқынды жұмыс жасап жатқан «Фолиант» баспасы Гүзел Яхинаның «Зүлейханың оянуы» атты романын да қазақ тіліне аударып, талғамы мол оқырманға ұсынған болатын.
Аталған романдар қазақ тілді оқырмандардың қызығушылығын туғызып, әдебиетсүйер қауым тарапынан жоғары бағаланды. Себебі бұл еңбектерде қилы заманның қиындықтары ғана емес, ол қиындықтарға төзіп, жеңе білген тұлғалық қасиеттер көркем сипатталады. Соның ішінде, мұқалмайтын мінез, қайсар рух, ана мейірімі, сын сағатта сынып кетпейтін жүректілік, көзсіз тәуекелге баратын жанкештілік тәрізді ешқашан ескірмейтін адами құндылықтар суреттеледі.
Құрметті оқырмандар!
Белгілі жазушы Гүзел Яхинаның қолтаңбасын алып, автормен жүздескіңіз келсе, 2022 жылғы 22-25 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап көрмесіндегі «Фолиант» баспасының кітап стендіне келіңіз.
Біз Сізді асыға күтеміз!
Сізге деген құрметпен,
Фолиант баспасы!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.