Сексеуілдің шоғы: Қошке мен Мағжан тағдыры
Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының арпалысқа толы жанкешті өмірі, аяулы жары Гүлсім әжеміздің бұралаң тағдыры мен Кемеңгер әулетінің қуғын-сүргіннен көз ашпаған күрескер жолы, Қошкенің шөбересі, белгілі алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгердің ой-толғамдары арқылы баяндалады. Сондай-ақ, Қошке мен Мағжанның рухани үндестігі, шығармашылық сабақтастығы да, мағжантану мәселелері де кеңінен қамтылады.
