Елбасы тарихи таңдауын жасады. Ендігі таңдау – бізде: бір жерден сөз, бір жеңнен қол шығарып, тәуелсіздігімізді баянды етуіміз керек! Осындай өларада елді ірітетін өсек-аяң, алыпқашпа сөз, дау-дамайдан абай болған абзал.
Құдайға тәубә, Қазақстанның іргесі сөгілген жоқ. Ел-орынында, жер де орынында. Алда – Ұлттық Рухани Жаңғыру Процессі тұр!
Досымыздан дұшпанымыз көп. Жаңа дәуірді жақсы ниет, жаңа идеялармен қарсы алайық! Сабырмен, ақыл-ой, парасатпен! Өз елін өзі бүлдірген тексіз жұртқа ұқсамай! Мәңгілік Ел деген Ұлы Идеямен қарсы алайық! Бұған дейін асқақ тұрған шаңырағымызды шайқалтып алмайық!
Уа, Алла! Қазақстанды жебей гөр!!!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.