Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Серік СЕЙІТМАН: АЛТЫН ҰЛҒА...

18.08.2016 4535

Серік СЕЙІТМАН: АЛТЫН ҰЛҒА

Серік СЕЙІТМАН: АЛТЫН ҰЛҒА - adebiportal.kz


данияр.jpg

ФОТО CONTENT BURO


Жаса, батыр!

Жасындайын жарқылда!
Жас та болсаң, сенсің нағыз нар тұлға.
Отаныңның алтын тақтың мойнына,
Опасыздар Отан сатса алтынға.


Майда-шүйде мақсатынан ми жауыр
Маған жұрттың майдалығы тиді ауыр.
Сен қазақша ән шырқаттың әлемге,
Қазақ тілін менсінбесе кей бауыр.


Ел еркесі, топ серкесі тек Сіздер,
Еркелесең қоймаймыз да шек біздер.
Сен Еліңді ерлігіңмен жылаттың,
Есіргеннен Ел жылатса ессіздер.


Ел сүйсініп ерлігіңе елтумен,
Көз-жанардан көл төгілді толқумен.
Көк байрақты Олимп-шыңға көтердің,
Көп қандасың күл тасыса сол Тумен.


Ғасырмен тең бұл Құдайдың бал күні,
Жасынмен тең жанарыңның жарқылы.
Жаса!
Жаса!
Жаса мәңгі!
Жасай бер,
Отанымның тат баспайтын АЛТЫНЫ!



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар