Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Шерхан Мұртаза. Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ...

10.10.2018 7411

Шерхан Мұртаза. Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел

Шерхан Мұртаза. Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел - adebiportal.kz

«Айтса, дуалы ауыз айтсын» депті өзі де. Қоғамымыздың қорыс-қопасы шығып жатқан заманда биік мінбеден ащына үн қатып, талай жерде ұлттың намысын қайрап, санасын сілкіп сөйлеген һәм қашанда ісі сөзінің алдында жүрген Шерхан Мұртазасын бұл қазақ ұмытпас, сірә. Қош болыңыз, Шераға!

Adebiportal.kz

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

***

Заң дегеніміз – ноқта.

***

Әлі күнге дейін кешегі империяның етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.

***

Демократия – жүгенсіздік емес,

Бостандық – жүйесіздік емес.

***

Заман түзелгенде – ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көздей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.

***

Армансыз қоғам – үміті үзілмеген қоғам.

***

Айтса, дуалы ауыз айтсын.

***

Күйреген рухты көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақсат. Қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүие ғана. О дүниеде ондай қулық өтпейді.

***

Шындық – ащы һәм ажарсыз.

***

«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

***

Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.

Шерхан Мұртаза,

Қазақстанның Халық жазушысы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар