Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық...

09.08.2018 66532

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық - adebiportal.kz

СӨЗ БАСЫ

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.

Кетті, келді,

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп өнді қайтадан.

Дөңгеленткен,

Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде еле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөн деп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны — «барлық таласы» дейді. Бұл — жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қайбірі өзі үшін, қайбірі барша адам үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.

Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет — өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу аңылы сау адамға к,атты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсаң, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей, жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса, бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан, әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болуы керек. Және қатты керек бір шарты — өзінің тұтқан діні, оқыған – ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қал май, ақылын әбден шын босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.

ЕКІ ЖОЛДЫҢ ТҮБІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН

Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселер қайдан бар болған, мұны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе, мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп әркім әр түрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тұрмай, адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы жәдігөй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің, орнын басады деп, сондайларға да табынған. Сөйтіп, соқыр кісіше сандалып жүргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіңе қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ қиын азап бар, мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бірқатары бұған нанып ерсе де, бірқатары нана алмай, бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған.

Енді біліп жаратқан ие де жоқ өлген соң өмір де жоқ деген ойдың түбінде осы барлық әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды.

ОТ. СУ. ТОПЫРАҚ. АУА

Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп (имен. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер төрт нәрсенің әрбіреуі әлденеше негізден жаралғанын таба-таба, жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің, көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да, ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады.

ATOM

Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын европаша атом деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сөйтіп, барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бір-бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан.

Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса, алғашқы тапқан Финкияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур және Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық, әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды.

Араб жұртының патшалығы зорайып, әр елдерді қол астына қаратқан Аббас тұқымы патша болған кезде, ион-гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде, осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді, соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Еуропаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Еуропа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бір-бірін тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол — әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы.

XVII ғасырда Ньютон алманың үзіліп жерге түскенінен көріп қалған. Бұл біліп жаратқан ие жоқ, дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әрқайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат.

Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Еуропаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда, атомдар да бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлың әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді.

HҰP

Нұр — жарық. Нұр күннен не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта үш жүз мың шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут, 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета, жұлдыздың нұры жерге үш жүз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нұры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нұрдың жүрісін білімділер орысша Юпитер, мұсылманша Муштари деген.

планетаның Пик деген төрт жолдасы Юпитерді айналғанда, көлеңке жағынан шыққаннан өлшеп тапқан. Ол Юпитер Күнді он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым мынау: нұр да өздігінен бар болмай, бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы-қиыры жоқ зор екені белгілі. Осы үлкен білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есебін өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім.

Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген болжам әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19 ғасырларда Еуропа ішіне көбірек жайылды. Олардың дәлелдерінің күштірек дегендерін айталық.

ҚАЙТА АЙНАЛЫС ЖОЛЫ

(1-дәлел)

Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) — атом. Әр нәрсені өсіп – өндіретін сол, дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді. Әр планета, Жер, Күн, Ай болсын басында газ, түтін, жалын сияқты болып, көп заманнан соң салқындап қатты дене болып, осы бір қалыбында қалмайды. Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен қайта газ болып, онан сұйық, онан тағы қатты дене болып, сол үш түрге түседі де жүреді. Қайта қатты дене болған кезде бұрынғысынан Жер де, басқалар да не үлкен, не кіші дегендей басқа түрде болуы мүмкін. Және ол қайта жаратылыста жер де, адам, хайуан, өсімдіктер де болады. Бірақ өлген соң бізден сезім кетіп, ол өзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаратылыста біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтыларымыз мұнан, тіпті, басқа түрде болады. Және барлық әлем біржола газ болмай, бір жағы газ болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып жатса керек.

Мұның бәрін өзгертіп, өзінен не шығып, не болып жатқанын сезбейді дейді.

ЖАРАТЫЛЫС ЖОЛЫ

(2-дәлел)

Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған — жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз, жаратылыс жолы осы жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес, осыдан бөлінбейтін заң. Барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң өсіп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып, ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан бүтін әлемдегі планета, жұлдыздардың жаралысы, жүрісі, адам, хайуан, өсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі, жаралысы, реттері толың жарасымды мақсұтты жолмен жаратылған дейді. Бұл — философ Литерие сөзі.

ТҰҚЫМДАСТЫҚ ЖОЛЫ

(3-дәлел)

Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар — бәрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуандары, өсімдіктері, құрғаққа шыққан. Жер жүзінде өсетіндердің жандылардың бәрі басында су хайуаны болған. Неге десең, қырда не түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсастар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да болған. Сондықтан бұларды бөлек – бөлек жаратқан ие жоқ дейді. Бұл — Маиеннің сөзі.

ДЕНЕ СЕЗІМІ

(4-дәлел)

Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын көріп-біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. Бұл — Бюхнер сөзі.

ӘР ТҮРЛІЛІК

(5-дәлел)

Барлық дүниеге қарасаң, тасы, ағашы, басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл әр нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл — Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі.

МЕТАФИЗИКА

Жоғарыда айтып едік, бұл біліп жаратушы ие жоқ деген жол XIX ғасырдың аяқ шеніне шейін Еуропа ішінде көбірек жайылды. Онан кейін бұл жол нашарлаңқырады. Оның себебі магнитизм, спиритизм, телепатия дегендер шыққандығы болды. Оның мәнісі мынау: магнитизм бір адамның жанына жанның қуатымен әсер беріп, еріксіз ұйықтатып, сонан өткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сұрап, ғайыптан хабар айтқызады, һәм басқа істерді істетеді. Спиритизм өлгендердің жанын шақырып келтіріп, ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады.

Телепатия, тіпті, алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып, соған ұнағанын істете алады. Осындай адам таңқаларлық бұрын сыры білінбеген метафизика жаралысы жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген нәрсені ғана жоқ деп жүргендердің ойын шатастырып, басқа ойға түсіреді.

ЖАН ЖӘНЕ РУХ

Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айтарлық сөзі мынау: дененің арасы — сезімнің орта тұрағы, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр – сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастың (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп-біліп тұрмыз.

Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себепті біржола өзге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі, әр істі істеуі — сол мидың өзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң дененің құраулары шашылып – бытырап, басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене, не жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім деп жүргені сол миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек еш нәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған дене бұрынғы дененің өзі емес, құры ұқсаған болады. Сондықтан адам оны өзім деп біледі дейді.

Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық. Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уиршо: тіршілік механика дене машиналарының 10 түрінен бір түр дейді. Доиуареман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай киын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз, өлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: жан — атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ және жан қасиеттері заман, уақыт санатына кірмейді. Бұл — ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді.

Бұлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінің қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі – біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сүрендеген ой денеге эсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті, басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі – біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер.

Жан мен дененің бір-бірімен эсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп болатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж. Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан бөлінуді қабыл алмайды. Және денемен біржола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр – сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн).

Ж. Дольн және айтады: бұл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың магнетизм жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсар бір халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның түпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді.

Және бір дәлелдері: 19 жүз жылдар (XIX ғасыр) ішінде болған Франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді. Бұл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар, әрқайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе бөлінбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп, біржола бар болады дейді.

Жаратылыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (метафизика) нәрселер туралы Еуропа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш білімдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің, тіпті, аз ғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынын еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың миларын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таңғаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп көп кемшілікті, дәлелдерді жазады. Менің ойымша, олардың атаған себептері, мейлі қойған атаулары ұғымсыз жаратылыс жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді.

Герберт Спенсер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең, соншалық анық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті, жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф. Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдіретінің өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таң қалдыруда деген. Руссо деген атақты ақын айтқан: басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тұрып, адам толықтыққа жете алмайды деген. Зор философ Биренжие: дін мәселесі шешілу үміті таялды деген. Жан Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген.

Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сөйтіп тұрып себебін, мәнісін таба алмай, нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мұның себебі: дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай, терең ойламағандықтан. Жалғыз дене сезіміне ғана нанып тұрса, көп шатақ ойлар, даулар болмас еді деп, жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бөгет болуды да ойласқан. Мәселен, 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз керіп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайың деген. Бірақ адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Еуропада әлде жүз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал қылып, күні-түні жан мәселесін тексеруде.

Сыры жасырын нәрселер мен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль Фламмарион айтқандайын, біз жалғыз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондың-гректің Пифагор деген білімдісі былай дейді: тіпті, кішкентай Жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі Жер һәм өзге планеталар Күннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды. Аспанның механика заңын да жөн дегенде, сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы не бар деймін деп не көрмеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауаның (воздух) кислород -азот деген екі газдардан қосылғанын тапқан Лавузьеге онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академия мүшесі Боуме протес қылғанына көп уақыт өткен де жоқ.

Архимед Ғайсадан 287 жыл бұрын ашып, жол салған Юнанда (гректе) осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығы мәлім. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель.

МЕСМЕР

1738 жылы туып, 1815 жылы өлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып, ауруларды емдеген. Оны бүкіл Еуропа білімділері тексеріп, бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер өзі доктор, көп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды өзінің бір түрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейі қолын, кейі аяғын сұғып, кейі құйынып жазылады. Суды магниттеген де сиқыршы жәдігөйлер сияқты ақылға қонымсыз, Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін.

Францияда оны тексеруші комиссия шығып, хайуан магниті түбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған. Бұл хайуан магнитінің түбі білімсіз болғаны сияқты, электрияның да түбі білімсіз. Бірақ электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз қабыл алып отыр. Сымсыз телеграмм шықпай тұрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мүмкін дер ме еді? Соған қарағанда, магнетизм, спиритизм, телепатиялар да бүгін түп себебі табылмай тұрған қуат екенін мойындау керек дейді. Білімділер: бұл гипнотизм, спиритизм, телепатиялармен ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады, тірі адамды ұйықтатып, жанын әлденеше жүз шақырымдарға жіберіп, ғайыптан хабар алады. Өткенді, келесіні сөйлетеді. Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседі, жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығы, тіпті, жоғалмайтындығы анықталды дейді. Мұның бірқатар шартын тапса, әркім өзі сынап білуге мүмкін. Жоғарыда аталған Месмер мен Калиостро деген адам Еуропа білімділерін таңғалдырған.

КАЛИОСТРО

Калиостроның қылған ісі 18 жүз жылдар Францняның наследнигі (орынбасары) болып, онан кейін король патша болған, аяғында еліне зұлымдық қылғандықтан өлтірілген XVI Людовик дегенмен байланысты болған. Соның наследник күнінде соған тиіп, неке қиғызамын деп Францияның патшасы тұратын Париж деген қалаға бара жатқан Мари Антуанетта деген қыз жолда Францияның бір ақсүйегінің үйіне түскен. Сол үйде Калиостроға кез келген, оның ғайыптан айтатының естіген соң, Мари Антуанетта Калиостроға бал ашып беріңіз, менің осы некемнің арты не болар екен деген. Калиостро бал ашпаймын десе де, қыз болмаған соң, бір шелек судың айналасында әр түрлі істер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, қызға осы судың түбіне қара, өміріңді сонда көресің деген. Қыз суға біраз қарады да, «ойбай» деп талып қалды. Есін жиған соң қыз да, Калиостро да еш нәрсе демей, жөндеріне кете береді. Қыздың талған себебі: сол судың түбінде көп адам жиналған. Ортасында өзі. Өмірінде көрмеген бас кесетін машинаға жазалы адамдарды әкеліп, бастарын кесіп жатқандарын көрген. Аяғында Маридың өзін де сол машинаға әкеліп, бір тесігіне басын сұққанда, машинаның жоғары жағынан бір балта сияқты нәрсе Маридың басын қиып, бір шылапшында домаланғанын көріп, сонан шошып қалған. Мұның бір таңырқарлық жері — ол кезде бас кесетін гильотина деген машина жер жүзінде жасалған жоқ тұғын. Онан соң Мари наследникпен некеленген. Бірталай уақыттан соң король болған. Онан да бірталайдан соң үкімет басты қинамай тез кесетін айла іздеп жүргенде, профессор Гийотек деген бір адам бас кесетін машина тауып, соның суретін салып, қалай жұмыс істейтін жайын жазып, абақты бастығына берген. Ол апарып корольға көрсеткенде, Мари корольдың қасында болғандықтан, әлгі машина суреті баяғы суда көрген машинаның дәл өзі болғандықтан, Мари «ойбай» деп талып түскен. Есін жиған соң король неге талдың дегенде, баяғы көргенін айтқан. Онан бірталайдан соң аяғында Маридың да, корольдің де басы сол гильотинада кесілген.

Калиостроның шын аты — Джузеппа Бальзамо. Жандардың насихатымен атын Калиостро деп өзгерткен, заты — итальян. Жоғарыда жан туралы аты аталған Аланкардың шын аты Рауэль. Ұждан насихатымен өзгертілген, заты — француз. Осы француз спириттерінің жолы — сол Аланкардың жазып қалдырған кітабының жолы. Бірақ оны француздар ғана ұстайды. Англия спириттері оны теріс дейді. Брахман дініне ұқсас, мәселен, өлген соң жаны бір хайуанға кіріп, сонан және біреуге кіре-кіре әбден тазарады. Мұны жандар солай айтты дейді. Англия спириттері жан басқа хайуанға кірмейді, кей жандардың сөзі материализма (жаралыс жолы — дене жолына) ұқсайды. Кейінгі басқа жолға ыңғай болады. Мұндай бір-біріне шатаң жан сөздеріне Аланкар себеп көрсетеді. Мәселен, адамдармен хабарласатын көбінесе төмен дәрежелі жандар болады. Сондықтан олардан шатақ сөз шыға береді. Кейбір сөздер надандар сөзі сияқты болатыны сонан. Бұл Аланкардың «Лажаз» деген кітабында спирит жайын, әсіресе жан жайын әңгіме сияқтандырып мысалдап, әдемі суреттейді. Мұның қылған істері көп. Оның бәрін жазбай-ақ, спириттердің сырын табамыз деп ізіне түскен білімділердің бір сөзін айтайын. Мире Лошатый деген «Білім лұғат» деген кітабында айтады: сперт туралы ойлаған ойлар бұрынғы ойлаған ойды өзгертіп, жоғарырақ ойлағандарды таңғалдырар. Бұл спиритизмнің таман ғылымды жұрттың арасына кіріп кетуі кешікпей-ақ мұны анықтап жарыққа шығарушы Аланкарды 19 жүз (XIX ғасыр) жылдықтың ең зор ғылым, өнер шығарушысы дегізер дейді.

СПИРИТИЗМ

Магнетизмді, спиритизмді жәдігөйлік, мұның сырын ашып Інім масқара қылайын деп Еуропа білімділері ізіне түссе де, көздері жеткен соң, бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі өзі істеп көріп анықтайды. Бірақ түп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол ізерлеген білімділердің сөзін айтайын. Ожен Ноппер айтады: мен басында спиритизмге күліп едім, енді оным .ынтымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: бұл спиритизм физиктердің, (дене) жаралыс жолын қуғандардың қуалаған ойларының үстіне балта көрмеген орман ағашындай өсіп жоғарылауда деген. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он төрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзім тәжірибе қылып, қынап, еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі сперт Дожерден деген әйелдің істері туралы сөйлейді. 1896 жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Брангейер магнетизм жолымен ұйықтатып емдеуге бола ма екен деп, бір адамды ұйықтатып сынағанын айтады. С … ұйықтап оянғанда (оған) артындағы столдағы күміс қасықты қалтаңа тық, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда күміс қасықты алып, жоқ, бұл ұрлық болады, бұл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ұғындыруым нашар болғанын біліп, бір күні тағы артындағы күміс қасықты ұрламасқа лажық жоқ, қалтаңа тың, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда артындағы столға қарап, асықты алды да, не болса да лажым жоқ деп, қасықты қалтасына тықты. Мені көрмедім деді.

1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гарте Догасиен қол қойған «Ұйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валери Обал көшесінде 243-нөмірлі үйде доктор Коканның ауру қарайтын бөлмесінде гипнотизм жолымен қатты ұйықтатқанды көрдік дейді. Лапонтин деген гипнотезер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру үшін ұйықтатып, денең түк нәрсені сезе ме деп сұрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне сұқса да, түк сезбейді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қапы бұрқыраса да, әйел түк білмей, оянған соң да түк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі көріп тұрдық дейді.

Мұнан отыз жылдай бұрын Үндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп: «мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп алмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып, капитанға сол ақшаны төлеңіздер» деген. Капитаннан сұраса, ұмытып қалыппын деген. Аналар жалынып, сол жылғы книгасын қараса, дәл болып шыққан.

Марсельде осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп, көршілеріңізді, қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сөзім бар десе, саудагер мұндайға нанбай, жәдігөйлік дейтіндігінен келмейді. Жан: «Келсін. Қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын», — деген соң, саудагерді жалынып-жалпайып алып келгенде: «Қане, жәдігөй, маған не айтасың?» — дейді. Жан айтыпты: «Мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі күні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша қант, сонша қызметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ұшырап, жағаға тоқтап, оны – мұнысын түзетіп және жүрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тұмсығында қатты толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып, жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адам тірі қалмай суға кетті. Мен — солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Өкімет есітіп, тексеріп жатыр. Бұрнағы күні пристаньға хабар келеді. Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің», — дейді. Айтқандай хабар келіп, бәрі дәл шықты.

Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тұрғын халқымен соғысқанда коменданты Цицерь Уильяме, Джонсон Сосет Мэрдағы Американ адамдарына елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста американдықтарға қолға түскен Александр Калмри деген офицері, елші барғанда, Американың қолында екен. Сол айтады: «Елші келген соң, американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап, біресе олай, біресе былай қисайып, ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы: «Барғанымызды ұнатады, комендант бізге беріп қайырады, ішінде сондай – сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шықты», — дейді.

Париждегі спиритизм мектебінен оқып шыққан түріктің Хасан Марзух деген спириті спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтады: «Біз Парижде бірталай спирит жан шығарғанымызда көбінесе Жасаза деген жанды шақырушы едік.

Онымыздың себебі — оның айтқаны дұрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда түрік сұлтаны Ғабдулхамиттің зұлымдығын халқына уақытқа дейін тартады деп сұрағанымда: «Патшалығының отыз үшінші жылының тоғызыншы айында тақтан түседі», — деді. Өлімі қашан дегенімізде, Австрия-Венгриядағы Франс Иосифтың ілімінен кейін болар, алты айдан кейін бе, қалай деді».

Ғабдулхамиттің түсуі айтқанындай шықты. Ғабдулхамит Сламекте өлді деген хабар өтірік болады. Енді өлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит түскен соң, 1909 жылы бастырған.

Сниритизмнің Америка, Еуропада алғаш анықталуы. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір үйлі жаны Америкаға келіп, Гизонль қышлағында тұрды. Бұл Гизонль Нью-Иорк қаласында, Аркадие ішіндегі Ден-Котлада болады. Фамилиясы америкаша Фокус болды. Бұл бір үйлі жан: бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың үлкені Маргарет 15-те. Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тұрған үйлерінің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе – жастық сияқты нәрселері ауысып – шашылып қалатын болады. Басында көпке шейін қорықca да, Кейт үйрене келе: «Aқсақ шайтан, менің істегенімді істеші», — деп, қолын о да шығаратын болды. Сөйте -сөйте жан екенін біліп, Кейт спирит болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына көшіп келіп, неше түрлі спиритизм ісін көрсете бастаған соң, халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай, бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз деп, Кейтті и өлтірмекші болғанда, өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: «Мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей, Кейтті өлтіре алмайсыңдар», — деп, Кейтті авар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Кeep һәм Аондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп, алдау, айласын бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп, аяғында шындығына он төрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені — осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Крокс айтады: «Ешбір ғылым білмейтін бір сперт жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сөздерімен сөйлесіп дұрыс шығады деген соң соны өзім сынап айтқан сөзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Әншейінде ғылым түгіл, жай сөзге жауап бере алмайтын надан», — дейді.

Францияда атақты спирит Жанна д’Арк деген қыз жaнның даусын естіп, соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен Штобе деген спирит ақ қағазды столға не сандыққа салып қойca, жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды) шығарған Бенжамин Фpaнклиннiң жаны спириттерге келіп, спиритизм жайын үйретеді дейді. Кейбір жандар артымнан дұға қылып, күнәмді кеш деп сұрайтын кісім жоқ, сондықтан жоғарылай алмай жүрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз кетіп, сол бөгет болып жүр деп айтады дейді. Тіпті бір таңырқарлық іс: спириттерге орысша Марс, мұсылманша Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады дейді. Олардың бір түрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сөзі мынау: «Кеуи қашан бример ем һа еб», ол — тағы қашан келеді деген сөзі.

Атақты бәйіт ақын – жазушылардың бірқатары спиритизм туралы ойларын өлеңдеріне қосқан. Бұл сөзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Хаққақабат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гюгоның спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау. Сөз сөйлеп қозғалатын столды бірталай жандар ермек қылып, көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық мұндайды жeңiл есептеу орынсыз. Ісі ғылыми ең зор ғалымдар енді бірі Германия тілінде «Спенс» газетасы, оны да өңкей білімділер шығарған фахризм деген болады. Ол — Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен, фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ өзін-өзі жөндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бірқатар кісіге менің рұқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бұл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнімізде бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізгенін, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шыққанын көріп едік. Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған түрік сперт Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам көз тигізуші деген соң, соған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған көз тигізші дедік. Біраздан coң қашырға мінген бір топ молда кіріп еді. Әлгі адам тұра келіп қадала қарады. Екі жүз адымдай жерде келе жатқан сопының қашыры тайып жығылып, анадай барып құлады дейді. Қасына барсаң, еш жері ауырған да жоқ қашырын мінді де жөнелді. Көшедегілер қашыр таймаушы еді деп аң-таң. Біз көз тигізгенге аң-таң болдық дейді. Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, европаша сомнамбулизм дегенді ғылым оқығандар біледі. Ол біздің қазақша айтқанда, кейбір адам ұйқысырап жүріп кетіп, әлде не түрлі істерді істеп, шыға келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ұйқыда кезу дейді. Мұндайлардың кейбіреулері биік үйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жүріп келіп, сатыдан түсіп, төсегіне жатқан. Ол жүргенде дымды мүлде сезбейді, ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмейді. Мұндайлар көп болады. Ондайды өзіміз өз көзімізбен де көрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Ол да, тінті, көп. Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап, киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада көрініп, «көрдің бе, шеше, мен өлдім» деген. Ол баланың, шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай аманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да, қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен. Сіңлісі апам қайғырар деп хат салмайды.

Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған coң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да білінетін болған соң, қызды өлтіріп көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың үрейі аруағы келіп: «Мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасақ, өзіңді жазым қыламын», — деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, миынан дене суреті түгенделген. Жас баланың сәулесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үш күнге шейін тыныштатпайды. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойғанда, соған қыздың жаралы пішіні иығынан көрінген, баланың сәулесі түскен, сол сурет күні бүгін ғылым жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кипакак деген Америка әйелі де спириттерге келгенде фотография сурет тартатын аппаратпен алған сурет бар дейді.

Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң, тысқа шықса, еш нәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда, күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де, жоғалады. Қайдан келгенін білмей, есікке қараса, ілулі түр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Бұған көрінген кезде жемісті қатын үйінде ұйқыда екен.

Адамдар жаралыс жұмбағын шеше алмағандықтан, әлдеқайда сандалып ойлағандарын «идеалист» дегендердің сөздерін оқыса байқар еді. Олар дүниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жүргеніміз құры ғана қиял, айнадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бұл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен, көз алыстағыны, сағымданғанды әлдене қылып көрсетеді. Құлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қате болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сезім жоқ. Және ұйқымыз бен оянуымыз бірдей. Ұйқыда түс көргенде әлденені көрмейміз. Оянуымыз да сондай. Түстің бекер екенін, ояудағымыз анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене, сезіміміздің бәрін алдайды. Сондықтан ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей.

Баяғы Платон деген білгіш өзінің, «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажық не?

Бұл кітаптағы сөздің түп мақсұты — барлықты басқа Жаратушыда білім бар ма, жан өлген соң жоғала ма деген еді. Бұл екеуін бар, жоқ деушілердің сөзін білгенімше жаздым. Және жан жоқ деушілерге қарсы дәлел қылынып тұрған магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс сияқтыны көбірек жаздым. Оны көп жазғаным — қызықты ертегі айту емес, әр түрінен біреуін көрсетпекпін.

Жоғарғы Тәңірі бар ма деген екі сұрауға баяғыдан бері талай жауап айтылып, талай ой жүргізілген. Сол жауап пен ойлардың кейбірі үстін болып, кейде анасы үстін бола келген. Бұл туралы қайсымыз қандай дәлел айтып, қандай ой жүргізсек те, сол ескі замандағы бір ойшылдың әніне басатынымызға дау жоқ. Менің ойымша, ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ. Бәрінің басын олар бастап кеткен. Бірақ көп заман оқу, қазаға ұшырау сияқты себептермен жоғалған, ұмытылған. Өйтсе де, қаншадан кейін екенін өзі білсін, келген уақытының киімін киіп, жаңарып шыға келеді. 17, 18, 19 жүз жылдарға (17, 18, 19 ғасырлар) Еуропа білімділері баяғы грек-ионның Эпикур, Демокриттерінің ойларын жаңғыртып отырған жоқ па? 19 жүз жылда болған Дарвин әлдеқашан сүйегі қурап қалған Маиеннің таяғына кез келіп, соны үкілеп отырған жоқ па? 16 жүз жылдағы Коперник сүйегінің күлі де қалмаған грек-ионның Пифагорының бөркін тыстап киіп отырған жоқ па? Жақын арада таптық деп жүрген электрия қуатын грек -ионның әлдеқашанғы табысы тапқан жоқ па еді?

«Әнші, күйші кетсе-дағы,

Ән менен күй баяғы.

Олар өзі өтсе-дағы,

Қалды бөркі, таяғы».

Сол сияқты біз де жоғарғы ескі сұрауға өткен білімділердің сөзінен қорытып, оның, үстіне тұңғыш ой деп өз ойымыздан жамау салып, бәрік жасамақпыз. Бірақ тұңғыш дегеніміз әлдеқашанғы кімнің ойы болып шығарын білмеймін.

ҚОРЫТЫНДЫ

БАСҚЫ ЖАРАТУШЫДА БІЛІМ БАР МА?

Барлықтың түп есебі Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нұр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім — оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс притяжение, отрицание — өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек. Және атом сияқты түп негізде ерлі-қатындылық сипат бар. Мәселен, сила вещества (қуатты дене), ол екеуі бір-біріне мұқтаж, олай болған соң ондай нәрсе өздігінен бар болды деуге қисынбайды. Сондықтан олардың түп себебі — себепсіз бар себеп, түп Жаратушы. Ол түп себептің білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ, өз көзіңізді ойлаңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік, ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бірде-бірін бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып, жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды. Өйтіп кез келгендіктен еріксіз жаралып жатыр дегендерді жан ғылымына жүйрік психолог, өлермен философ Вольтер ақылдары шатасқан деп сөккен. Себебі толымды нәрсенің, толымды болатын себебі, толымсыздық ісі де толымсыз болатынын ғалымдар түгіл, жабайы кісі де білсе керек.

Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бүгін барлықтың бәрі — біздің осындай болмақ жолды салған түп Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде. Өлшеу жоқ деп бізге секунд сайын саңқылдап тұр:

«Бізге дүние түпкі сырын

Көрсетіп те, айтты ғой,

Елемеді оны біздің

Тіпті өзімшіл мисыз ой».

Әлде түп жаратушы туралы біреу былай да айтар: түпкі жаратушы сіз айтқан себепсіз, бар себеп-aқ болсын, бірақ соның бар қылған атом сияқты негізден шығып жатқан сансыз нәрселердің бәрінде сол түп жаратушы жатыр ма дер? Бұған жауабым мынау: мәселен, мен асқан білімді, өнерлі болып, керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал, ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған Жаратылыстың негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең түпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің түп иесі кім болады? Әрине, басқы жаратушы. Мінеки, осылар әр нәрсенің бәрін тәңірі жаратады деген сөзді қалай түсіну керек, байқау жөн. Ескі дін молдалары қай дінде болса сол Жаратылыс жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған.

ЖАН НЕМЕНЕ?

Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат осы жан. Сол жан денеден шито өсіп – өршиді. Ғылым жолында әлденеше түрленіп өзгерсе де . дененің, еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жұмыртқаның, сентябрьде ұрық көміп өлген шегірткенің ұрығының жандарын ойлаңыз. Хайуандардан еркі аздығы болмаса, өсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шөптің тамыры, жемістің ұрығын ойласаңыз, бұл 20 жүз жылдың адамдары, білгіштері адамның ақылы таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан алып? Осы соқыр, ессіз деп жүрген жаратылыстан шыққан қасиеттерден алып. Әйтпесе сол соқыр, ессіз деген жаратылыстың бір шыбынын, не бір тозаңын адам жарата алмайды. Әрине, соның жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып жүгіріп кете алмас.

Тіпті былай да айталық: мұнан былай ғылым зорайып, әлгі айтқан жұмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да алып салар, бірақ соңында түп жаратушысы сол кісі деп сау ақыл айта алмас. Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, жайырақ әсер алатыны да бар. Мәселен, тас, қу сүйек хайуандар мен түйе, піл сияқтылардың буаздылығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала көтереді, қол қояны бір-ақ ай игереді. Және дене жаннан әсер алмастай болып өліп қалғандай Он лады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің, ойымша, тіпті заманынан тип олар да жанмен қосылып, сезімденуге жараса керек. Дәлелім: тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр. Бұл былай тұрсын, ғылым жолына барлық планета нәрселерінің бәрі қайтадан газ болғанда, тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бұл ойым дұрыс болса, қына мен газ отқа жаққанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен. Сөз кезегі келген соң жану, шіру туралы біраз айталық.

Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір. Екеуі де әр нәрсенің құрауларын шешіп таратуға себеп болады. Бірақ от жылдам шешеді. Бұл екеуінің де жалынынан шыққан угольная кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында хайуан, өсімдіктерге пайдалы азық болып шығады. Сөйтіп, жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүреді.

Енді жанға қайта келейік. Жан, менің айтқанымдай, баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлығын ішінде бар болып жүреді. Мен бұл араға шейін жанның бірінен-бірі артылатын қасиеттерін анықтап бөліп айтпай, бәрін де жан деп келдім. Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жан, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады. Бұлай әр түрлі болуы, менің ойымша, дене бітіміне, себептеріне қарай туындайды. Дене әр түрге түскен сияқты, жан да өсіп, өніп, жоғарылайды. Өсімдіктегі жандар сезімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп — өніп, үсіп, суықтықты сезіп — тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде бір-бірінен сезімдірегі бар сияқты. Өсімдік жайын жазған кітапта бір шөп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ұшындағы ине-тікендерімен шаншып, дәнін сорып, құр қабығын қалдырады дейді. Бұл былай болғанда, бұл өзгерістерінен гөрі аңғарарлық болғаны емес пе? Аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар. Бірақ олардың да бірінен-бірі есті, бірінен-бірі шебер, оны теріп жазбасаң та әркімге белгілі. Адамның күйі сол хайуандардан есті болмаса да, толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес.

Жан туралы тағы бір ой бар. Ол су — суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей, жан -жандарға қосылып, араласып, әбден былжыр сияқтанған соң ол жан өзге жандардан қайтып айырылып шыға алады. Мен мұны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеге қосылмаса керек. Және қосылады десек бөлінуі оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын мейлі біліп жаратушы тәңірі болсын, қайсысы жаратса да, жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше түрге түсіріп, ол құрауларды қайта шешіп, негіздерді бөліп, онан неше түрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па?

ІІІақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио құралына шейін ойлаңыз. Және су әншейін қарағанда бір-aқ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып, керегіне жаратып, керек болса қайта қосып, су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан coң сұйық, онан coң қатты дене қылып, ол денеден өлшеу, сипаттауға келмейтін нәрселср, қасиеттер шығарып отырған соқыр, саңырау табиғат не біліп жаратушы тәңірі болсын, ол мынаны былай қылмайды деп қандай ақыл айта алады? Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бірде-бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда, денеше бір бұзылып, бір түзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда, келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Жоғарғы Дольн, Камил Фламмарион, Герберт Спенсер, Стуармель, профессор Фонтель сөзіндей сөзді тесе тексермей өте шығу жеңілдік болар.

ҰЖДАН – СОВЕСТЬ

Адамдағы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосын айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны істеуді ұнатады» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданың солай қылғанды ұнатады деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть — жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған шын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть — ұждан. Оны осы өмір үшін де керек қылады, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше сондай кісі деп халың мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным — сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын пәленше, жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па? тілек пе? Бұйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен, жанның сау ақылы тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді. Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай, орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын электрия қуаттарын жинайтын лаео бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе, тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен?

Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, өз жанының бар-жоғын біле алмай жүргенде, оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, өлген адамның жаны тіпті жоғалмай, әр түрлі хайуан болып құбылып жүрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да, ол жан өзін-өзі мен деп біліп жүрмей ме? Аяғында жан әр түрге түсіп, дүние тіршілігіндегі ісіне қарай не рахат, не бейнетте болады деген брахман дінінің сөзі болған жоқ па? Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі — қайта айналыс жолы. Онысы бұл әлем қайта газ болып, онан сұйық болып, онан және салқындап, қатайып планета болады. Өйтіп қайта жаралғанда да жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бұл өмірдегіге тіпті ұқсамайды. Бірақ ол өзгерістерде бізден сезім жоғалғандықтан, біз түк сезбейміз дейді. Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі. Және бір дәлелі: жаратылыс жолы, онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр, білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе?

Түзелуші мақсұтсыз, талапсыз түзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсұт шыға ала ма? Олардың және бір дәлелі — тұқымдастық жолы еді. Мұны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гөрі, жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Ондағы барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуаны болған. Ол заманда теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас. Хайуандар, адамдар бірі -бірінен туып, өзгерген дейді. Мұның тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бұл туралы ойымды айтайын.

Ең түпкі жаратушы туралы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш cay ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрі мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды.

Бұл жер, өсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мұның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сөйткен жерден өскен есімдік, хайуандар себептеріне, топырақ суы, ауасының өлшеуіне қарай біріне-бірі ұқсас, ұқсаңқыраған, тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің бұл сөзімді сынау үшін даладағы сортаңдау жердің балаусасын, сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп бұтаның бір арадағысының, ғана бірі – біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті, ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып, өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды. Бұл сөзімнің қорытындысы: тәмам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып, өзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ұқсастық бәрі бірінен-бірі туып, өзгергені жоқ. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне – бipi ұқсас не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр. Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайтa жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар. Бұл кезде бүкіл Куропа мойындап отырған сияқты, Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін. Оларға айтатыным: Дарвиннің нәсіл туралы, сайлап жоғарылау туралы айтқан сөздеріне сын жазған Германия туралы. Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан coң мені сөгулерің, қашпас деймін. Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да көбіне Еуропа ғалымдарының таласты сөздсрі болады. Оның, ішіндегі өз ойым қабылдағанын алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп өзіме өзім сенемін. Және өз ақылым ұнағанын жаңалап, қосқаным да бар. Мен пәленше-екем айтқаны дұрыс, онан асып ойлап не табамыз дегенді терең ойын құмға көміп, өз көзін өзі шұқып шығарғандық деймін. Жоғарыда магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс көру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әр түрлі жору айтқан Еуропа білімділерінің сөзі туралы менің ойым мынау, мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:

Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің, жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны.

Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық

Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің, еркін билеу, түсі дәл келу — бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін.

Мен жан жоқ өлген coң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген coң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатаң діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген coң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген coң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине, жанның өлген coң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек. Және ұждан-совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нана алмай, яғни ұждан — совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.

Оған (мұндай кісіге) ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны. Себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай, өстіп ұждан-совесть, жанның екі өміріне бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, зaң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы: ұждан-совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың eң зор жәрдемі.

Үш анық дегенім міне осы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар