Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Совет-Хан Ғаббасов: Қазақстан Республикасының білі...

03.02.2016 3205

Совет-Хан Ғаббасов: Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасын жаңашалау

Совет-Хан Ғаббасов: Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасын жаңашалау - adebiportal.kz


1. КІЛТ

габбаов.jpg

«Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады" – делінген тұжырымдаманың алғашқы абзацында.


Ал осы сөйлемнің ішіндегі «құндылықтарды» зерделеп көрелік:


1. «Мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайту" – деген сөз көкейге қонады. Бірақ, қайтып және қалай? – деп сауал қойсақ, жауабы жоқ. Неге? Өйткені, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған халықтық педагогикасы мен ұлттық психологиясы, дәстүр-салттары мен өзіндік болмысы (менталитеті) мүлдем ескерілмеген.


2. «Мақсаттары мен міндеттері» - деу де жөн. Бірақ, ең әуелі өзіңе қажет мақсат пен міндетті түгендеп алмай, тағы да сол «дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер» - деп еміну мен еліктеуден аса алмай қалыпты. Ойланып қараңызшы? Сонда:


- кешегі өз қолымыз өз ауызымызға жетпеген 300-жылдық бодандықты;

- басқаның тілеуін тілеп рухымыз жаншылған жылдарды;

- басқаның үстемдігіне еріксіз көнген тағдырды;

- қалыптасып қалған құлдық психологиямыздан арылуды ойламай, тағы да сол өзгеге қарап мөңірегенді неге қоя тұрмаймыз, - дейтін, ой мазалайды. Ендеше, қазіргі тілі, діні, ділі бөлшектеніп жатқан ұрпағымыздың болашағы мен халқымыздың келешегін неге бажайламаймыз. Дербестігінің жемісін жеп отырған – жапондар да, немістер де, қытайлар да, тіпті араб пен иран елдері де, «дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер» деп емініп, бас-көзсіз еліктеп отырған жоқ қой. Қайта ғылыми прогресті жетілдірілген сайын, өздерінің ұлттық құндылықтарын бұрынғыдан бетер көздің қарашығындай сақтауға баса мән береді.


Жымсыма ниетпен жүргізіліп жатқан қазіргі ғаламдану саясаты біздер елпектемесек те, әлі-ақ телпегімізді теріс кигізеріне күмәніңіз болмасын.


3. «Құрылымы мен мазмұны» - деген де дұрыс-ақ бірақ тағы да сол ескі таптауырыннан аспапты. Ұрпақ тәрбиесі мен білім берудің құрылымы да және мазмұны да баяғы «қызыл империяның құрып берген құрылымынан» тастай қатып айрылмаған екен. Бұл нені көрсетеді? Ақ ниетпен ақиқатын айтсақ, бүгінгі білім беру саласында жүрген «қайраткерлер» бұл мәселені толық түсінбейтіндігі аңғарылады. Әйтпесе, жылына ауысқан әр министр келе жасайтын эксперименттерінен ұялар еді?!


4. Ұсынылып отырған тұжырымдама жобасы – «ғылыми-теориялық әдіснамалық құжат»- делініпті. Сонда, басшылыққа алған теориялық методологиясы қайсы? – дейтін заңды, сұрақ туындайды.


Адамның Тән танымынан басқаны түсінбейтін, Жан мен Рух тәрбиесін жүргізбек түгіл... надандықпен таптап отырған, бүкіл Азиялық танымдарды ескермей сыңаржақтылыққа құрылған "Еуропацентризм методологиясы" ма? – деп езу тартып мүсіркеуге тура келеді.


- Жоқ!.. «Соқыр көргенінен жазбайдыны» тоқтатып;

- «Жансыздан жандының сипатын танитын», Шығыс философиясына бұрылатын мезгіл жетті. Кезінде бұл даналықты Шығыстан үйреніп барған Пифагор өзінің сандық философиясын жетілдірген.

- Платон методологиясының күні туды.

- Неге? Өйткені, «Жандыдан – жансыздың сипатын (материя) дәріптейтін» "Еуропацентризм методологиясы" өзінің өміршеңдігінен айрылғалы қашан?! Оның толып жатқан басқа да кемшілітерін санамаламай-ақ, көтеріп отырған мәселеге байланысты бір ғана әлсіздігін атап өтсек те жетіп жатыр. Ол мынау:

- Еуропацентризмнің, бүгінге дейін «адам тәрбиесі дүниеге келген соң ғана басталады» - дейтін тұжырымы, түбегейлі қате болып шықты.

– Жоқ, мүлдем олай емес екен! Жан тәрибиесі, оның 12 түрлі арнасы (түйсік, ұят, зерде, мінез, қабілет, жігер және ішкі бес сезім) тек ана құрсағында ашылатындығы анықталып, түйсіктік тәрбиенің 80% -ы бала жарлық дүниеге келгенге дейін қалыптасатындығы ескерілмеуден, ХХІ–ғасырға созылып өркениетімізде жүргізілмек түгіл, тіпті ойға да келмегендігінен, адамзат баласының санасы сансырап және қоғамдағы арсыздықтың не бір сұрқия түрлері белең алып отыр. Бұл тікелей ана атаулының – «құрсақтағы тәрбиені» білмеуінің салдарынан екені анық. Адам тәрбиесінің осынау жаңа әдісін біздер 24 жыл бұрын дүниеге әкелген едік. Мұны қазір бүкіл дүниежүзі бойынша интернетте – «внутриутробная педагогика» - деп жүргенін «тұжырым» жасаушылар неге байқамады екен? Әлде, түсінбей ме? Олай болса, тұжырымдамадағы – «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» - деген бөлімі түгелімен сын көтермейді. Жалпы адам тәрбиесінің біздер ұсынған жаңа көзқарасы 1990 жылы екі бірдей ғылыми кеңесте (Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында, КСРО АПН филиалында) және Оқу министрінің 19 облыстағы білім басқарламаларын жинаған жалпы жиналысында және жоба ОҚУ МИНИСТРЛІГІНДЕ жеке кітапша етіп жарияланған болатын. Осында талқыланған менің «Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесінің» негізінде «Ізгілік әліппесі» (1991) атты 2 кітаптан тұратын оқулық және «Халық педагогикасының негіздері» (1995) атты монография жарық көрді. Бірақ, бұл еңбектерді келіп-кетіп жатқан министрлер естісе де елемей, әлі күнге дейін «оқу-ағарту үлгісін» мұхиттың арғы жағынан іздеуінен жалығар емес. Өзіңде барды елемей, өзгеге өзеуреуді қашан тоқтатамыз? Ұлттық ғылымның қай саласын алсаңыз да, осылай мысалдар көп. Жоғарыда айтылған монографиялық еңбекте, адам тәрбиесінің жаңа методологиясы 2- сатыдан тұрады.


Біріншісі, биологиялық индивид делініп, оадн "Жүрек тәрбиесі" атты жүйе қалыптасып, ана құрсағындағы тәрбиенің өзіне тән тәсілдерімен "жанның он екі арналарын" ашады.


Екіншісі, сананы жетілдіру делініп, одан "Ақыл тәрбиесі" атты жүйе қалыптасып, жарық дүниедегі баланы тұлғаландырудың кезеңі басталады. Сонымен қоса, адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның "Жеті түрлі негіздері" - тек физиологиялық кезеңдерге ғана сүйеніп жасалынады. Осы ілім ұсынған жаңа технология арқылы, Абай ғұлама армандаған «толық адам, нұрлы ақылды» келешек ұрпағымызға еншілеуге болады. Жеті түрлі негіздердің - Ұрық тазалығы, Жан тәрбиесі, Нәресте, Балбөбек, Сәбилік, Балиғат, Кәмелеттік - деп аталынатын физиологиялық кезеңдердің әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдерді ұсынылады. Олай болса, бұл методология, тіпті ясли мен бала бақшадағы тәрбиеге де жаңа көзқарас беретінін ескерген жөн. Сондықтан да, тұжырымдамадағы «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» деген бөлімінің сын көтермек түгіл, түп-тамырларымен қате екені көрініп тұр.


2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ


Адам баласы биологиялық индивид болғандықтан, оның табиғатындағы күллі тіршілік сипаттары, міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынатыны айдан анық. Ендеше, келешек ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі де, осы заңдылықтарды ескермесе, кабағат үлкен қателіктерге ұрынады. Мынау "адам тәрбиесі мен білімін жетілдірмек тұжырымдамада» баланың физиологиялық кезеңдерінің ешбір заңдылықтары ескерілмеген. Сонда, бұл қалай? Баяғы сол, қарадүрсін көшірмелік пе?..Біздіңше, егеменді ел болған соң еліктеу мен солықтауды қойып, ұлттық кұндылытарды іздеу ауадай қажеттілік екені дау тудырмаса керек. Тұжырым жобасындағы отра білім берудің мақсаттары мен міндеттері тым жалпылама. ал, құрылымы 4 + 6 + 2 дегеніне қарап, кешегі империялық формуладан ауытқый алмағаны да көрініп тұр. Олар жоғарыда айтылған физиология заңдылықтарын ескермек түгіл, тіпті « (6-10 жас – балалық шақ, 11-16 – жеткіншетік шақ, 17-18 жасөспірімдік шақ) » - деген текстегі сөздерден, халық тағылымындағы қолданылатын нәресте, балбөбек, сәби, балиғат, кәмелеттік – делінетін физиологиялық кезеңдердің жасын да білмейтіндіктері байқалады. Міне, орта білім берудің құрылымы мен мазмұны да ғылыми негізделмегені көрініп тұр есем пе? Біздің 1990 жылдары талқылап жариялаған тұжырымдамамызда, керісінше 6-7 жастан 12-13 жасты қамтымайтын "балиғат кезеңін" біртұтас күйі бөліп-жармай 6-класс етіп, бастауыш мектеп сатысына беріледі. Неге? Себебі, балиғат кезеңінде баланың гарманальды жүйесі (7-де бүршік жарып, 13-де гүлін ашады, шаухат пен етеккір келеді) қалыптасып, логикалық ойлау қабілеттері орныға бастайды. Физиологияның осынау өзгертуге болмайтын тұрақты заңдылығын ескерген жапондықтар бастауышты – 6-класс етсе, немістер бастауыш мектебін 5-класс етіп баяғыдан бері қолданып келеді. Біздер де, азиялық ел болғандықтан, батыл түрде бастауыш мектепті 6-класқа келтірсек ұтарымыз көп. Сондықтан да, орта білім беру формуласын 6 + 3 + 3 түріндегі физиология заңына бағындырып ұсынған едік.Он бес жыл бойы шешеалмай жүрген 12-жылдықтың реформасы да анықталар еді. Бұл тұжырымдама «Халық педагогикасының негіздері, 1995ж», "Педагогика мен Психология негіздері 2012ж" атты монографияда жан-жақты дәлелденіп жазылған. Сол себепті, бұл пікірімізге әр сатыны жеке-жеке жазып талдамай, қысқарта ұсынуды жөн көрдік. Әйтпесе, "Кәсіптік білім" беруде де және "Жоғары білім" салаларында да – ойласатын мәселелер жетіп жатыр. Қазіргі аты бар заты жоқ – гимназия, лицей дегендерді де ақыл елегінен өткізіп, нақтылы сраптамаса болмайтын тәрізді. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіндегі реформаның шынайы мақсаты мен мазмұны аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, кезінде өгейлік көрген қазақ мектептерінің проблемалары шаш етектен. Олай болса, жоғарыда айтылған пікірлерді терең түсініп, дұрыс шешпесек – халқымыздың келешегі түн-түнекпен шырмалып, сара жолын таппай көмескілене бермек.


Ұлттық рухтың басты діңгегі – Тілі ?!


Халқымыз –«Өнер алды - қызыл тіл» - деп ұрпағына өсиет қалдырғанда, бар өнердің қайнары - тілде екенін біліп айтқан ғой. Жұртымыздың осы Тіл - атты діңгегін шайқалтып, құлатуды көксейтін, шалақазақтар мен космополиттердің жөнін табудың да уақыты жеткен тәрізді. Орыс бодандығынан енді ғана босадым ба деген Қазақ халқы, өз ішінен шыққан шұбар жылан тәрізді, не тілін, не дінін, не дәстүр-салтын сыйламайтын шалақазақтардың бодандығымен қасірет жұтып отыр. Ұлтымызды мұнан әрі қорлай беруге болмайды!!.. Ел мен Жердің тозғындауын тоқтатудың уақыты жетті... Шындығына келсек, бүгінге дейін, Ана тілі жайында қоғамымызда біржақты пікір қалыптасып отыр. Ол - Тілді, тек қатынас құралы ретінде бағалау?!.. Бұл – биологиялық та, тіпті физиологиялық та заңдылықтарға қайшы келетін, қате пікір. Сондықтан да, ана тілінің адамды – кісілікке жеткізіп, оның азаматтық санасын ашатын, тек 10-түрлі қасиетін айту жөн сияқты.

Ендеше,Тіл тек – қатынас ќўралы ‑ ғана емес екенін дәлелдеп көрейін;

- Біріншісі – жарайды, қатынас құралы делік;

- Екіншісі – ата-баба зердесімен байланыстыратын тек ‑ ана тілі – екен. Оны ғылымда ‑ филогенетикалық жад ‑ дейді. Бүгінгі ‑ шала ќазаќтар мен космополиттердің кесапат әкелуінің басты себебі – олар ата-баба зердесімен байланыста болмағандықтан, ‑ халықтық - ұлттық құндылықтар ‑ дегенді түсінбейді, керісінше оған жатырқап қарайды.

Санасы ояна бастаған кейбіреулері, балаларын қазақ мектепбіне бергенімен, ол балалар сабақтан шыға салысымен бір-бірімен орысша сөйлеседі. Әрине, бұл баланың кінәсі емес!. Ана құрсағындағы сәтінен, ата-анасының орысша сөйлеуінің салдары екені белгілі.

- Үшіншісі - халықтың менталитеті – ділі де, тек қана ана тіл арқылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы да жойылады.

- Төртіншсі: ‑ “озорение” (мүттағала) ‑ дейді. Абайды данышпан, кемеңгер дейміз. Неге ? Абайдың өлеңі де, қара сөздері де “озорениемен” жазылған, оны – Мүттағала ‑ дейді. Ана тілін білмеген адамнан осы - мүттағала - қашады екен.

- Бесіншісі – рух ?! Ана тілін білмеген адам, халықтың рухани байлығын жасай алмайды.

– Алтыншысы - имандылық, ар-ұят та тілден пайда болады.

- Жетіншісі мен Сегізіншісі – Таным мен Талғамды да тіл қалыптастырады. Ана тілін білмейетін қазақтың талғамы - мүлдем басқа талғам. Мысалы, зергерлік бұйымдар, даналық өрнектер, ою-өрнек, қазақтың ұлттық киімі - дүниені таңғалдырып жүрген, солардың бәріне әсер етіп отырған –ана тілі.

- Тоғызыншысы – Мейірім, Оныншысы – Рақым ‑ дейтін қасиеттерді де ана тілі сіңіреді. Жаңағы шалақазақ пен космополиттерде мейірім де жоќ. Өзінің тіліне, ұлтына, халқына ‑ деген мейірім болмағандықтан, олардан р а қ ы м күту де мүмкін емес.Оларды адастырып отырған – еліктеушілік пен солықтаушылық. Кісіліксіздік !.. Қазір саналы жанды, не істеу керек дейтін сўраќ көп мазалайды. Өйткені, біздер аз санды халықпыз ?! Осы толғаныстардан туған ойымды ашып-жарып айтуды жөн көрдім ;

- Біріншіден ‑ ќоғамға Тәртіп пен Әділет керек. Мемлекеттің бақыты - осы екі мәселеде ?!. Қоғамдағы қаптап кеткен түнгі клубтар мен әр бұрышта самсап тұрған казинолар, бесіктен белі шықпаған балаларды қан-құйлы қатыкез ойындарымен бұзып жатқан комютрлік дүңгіршектер, автоматты ойындар – мұның барлығы адамдарды – құмарлыққа құнықтырып – аздыра береді. Бұлардың да наша-құмарлық тәрізді сипаттары бар. Оның жағымсыз жағдайлары, қазірдің өзінде қоғамымызды жайлап барады...

- Екіншіден ‑Ұрпаќ тәрбиесін түзеу керек.Ол үшін тәрбиені ана құрсағынан бастау қажет.Бұл жайында ғылыми негізделген жаңакөзқарастағы ілім де бар.


Жалпы біздің оқу-ағарту саласында - «білім беру» дегеннен басқа, «тәрбие беру» дейтін ұғым да жоқ. Оның үстіне, республикамызда өзінен шыққан жаңалыққа «тас керең» бола қалатын қалыбы бұзылар емес! Осының айқын көрінісі, бүкіл оқу-ағарту жүйесінде – Халық педагогикасы мен Ұлттық психологиясы және Ұлттық тарихы пән ретінде жүргізілмейді.Өзінің халықтық тағылымына деген мұндай қатынас, жетіліп отырған елдерде бар ма? Әрине, жоқ!!!.. Ендеше, халық педагогикасы мен ұлттық психологиясынсыз - Ұрпақ тәрбиесін жөнге салар тетік те, жауап та жоқ !.. Ал, бұл ілімнің өз топырағымызда ғылыми негізделіп ашылғанына 24-жыл болды. Бірақ, аяқтан шалғаннан басқа, елең етер ешкім де жоқ. Тіпті, білім-ғылым министрлерінің қолдарына да ұстатылды. Еш әрекет етпейді...


Енді мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне келейік. Қараңыз шы ?! Бүкіл Орыс мектептерін, Ұйғыр, Корей, Өзбек, Дүңген мектептерінің – бәріне қаражатты беріп отырған кім?.. Сол қаражат кімнің дәулеті? Қазақ мемлекетінің және қазақтың ырыс-несібесі ғой. Тіпті, сол мектептерде сабақ беретін оқытушылардың жалақысын төлеп отырған кім? Тағы да Қазақ мемлекеті беріп отыр. Олай болса, мемлекеттік тілді ақы беріп үйрету, бұл тағыда сол – осы мемлекеттің иесі – Қазақ халқын қорлау деген сөз. Осы мемелекетте тұрған қандай ұлт болмасын - мемлекеттік тілді білуі – аксиомалық заңдылық. Рас қазақ мемлекеті қаржыландырып, тірші­лігіңді жасап беріп отыр ма, ? Ендеше, қандай сөз бар? Осы мемлекеттің отын оттап, суын ішіп, осы топырақтан нәр алып, өсіп-өніп отырсың ба, ? Олай болса, еш уәжсіз бўл мемлекеттің тілін білуің шарт. Тіпті, бұл қай ұлттың болмасын - азаматтық борышы ғой.Осыны түсінетін мезгіл жетті емес пе ?...


Ендігі бір ерекше айтуды қажет ететін мәселе, соңғы жылдары тағыда сол, ғылыми негізге сүйенбеген Үкімдік шешіммен ұсынылып отырған, Үш тұғырлы тілділіктің ( Ағылшын ‑ Орыс – Қазақ ) мәселесі. Тіпті, бұл жоғарыдағы айтылған Биология мен Физиология заңдылықтарының иісі мұрнына бармайтын адамдардың шешімі. Олардың әуейленгені соншама, бұл шешімді бала бақшасынан бастатып, кең түрде жолға қоймақ ?! Бұлар баланың физиологиялық қалыптасуы мен ми психикасының жетілуінен мүлдем хабарсыз жандардың аса ауыр қателіктері десе болады. Іргелі Елдерге жататын – Жапон – Неміс – халықтары, балаларына басқа тілдерді үйретуді, тек 10-11 жасынан ғана бастайтыны ғылыми негізге сүйенгендік екені белгілі. Біздердің балабақшасындағы 3-4 жастағы сәбилерге үш тіл үйретеміз деуі, сыпайылап айтқанда қаскүнемдік болып табылады. Өйткені, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға шет тілдерінің салмағын салу, ұрпақты есалаң, яғный шизо жасауға ұмтылыс десе болады. Жалпы, бүгінгі Үкімет ‑ Елдің пікірімен неге санаспайды...


3. ТҮЙІН


Жалпы ұрпақ тәрбиесі мен білім саласын реформалау мың толғанып, жүз ойланатын мәселе. Бұл тұжырымдамадағы – 2015 жылға дейін – деп шамалаған уақыт мөлшері дұрыс сияқты. Себебі, тұрақтала бастаған экономикамыз да, енді-енді бауырын көтеріп келе жатқан ауыл тұрмысы да, уақытты осылай таразылағанды құптайды. Тек, ең әуелі неден бастауды дәл анықтаған жөн. Біздер, алдымен реформаның алғы шарттарын жасап, ұлттық мектептеріміздегі, әсіресе ауыл мектебіндегі бұрыннан қалыптасып қалған кемшіліктерді түзеуді ең басты мәселеге жатқызамыз. Сонда, ол қандай мәселе? Осы сауалға қысқа түрде тоқталып көрелік.


1) Империя тұсынан өгейлік көріп келген, қазақ мектептерінің материалдық базасы аса ауыр екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан, жүргізіліп жатқан ауыл жылдарында, бұл ақаудың орнын тотырып, заман талабына сай етіп мектептердің санын да, сапасын да жетілдіруіміз керек;

2) қаладағы аралас мектептерді – қазақ тілінің қиянатшысы ретінде – тез арада ажыратпасақ, мемлекеттік тілдің жан төгісіз ауыр күйі жалғаса бермек. Ұрпағымызды қолдан мәңгүрттендіру саясатын үзілді-кесілді тоқтату қажет;

3) әлі толық жазылып бітпеген қазақ тіліндегі оқу құралдарын халқ педагогикасымен негіздеп, жеткілікті түрде шығаруды тездету мен қоса, мазмұн сапасына ерекше талап қою міндеті тұр. Оқулық дайындауда, тағы да жалпақшешейлікке басып, Ресеймен бірігіп щығарамыз дейтін жолбикелерді, оқу-құрал саласынан мүлдем аластаған жөн;

4) қазақ мектептерінде «Халық педагогикасының негіздері» атты оқулықты келер жылдан бастап 7,8,9 кластарға пән ретінде енгізу қажет.

5) ауыл мектептерінде сабақ беретін мұғалімдердің білім сапасын көтеру мен жоғары білімді педагогтармен қамтамасыз етіп уақыт талабына сай жетілдіруді мемлекет өз міндетіне алғаны жөн;

6) облыстарда педагогикалық университеттерді қайтадан ашып, білім министрлігі кезінде өздері жауып тастаған бес түрлі мәселені қайыра қалпына келтіру қажет. Олар мыналар:

а) Мектеп күні – бұл қазір мүлдем жоқ.

ә) Тәрбие жұмысының әдістемесі – бұлда жоқ.

б) Педпрактика – бұрынғы 6-7 аптаның орнына, қазіргі 3 апта;

в) Педагогикадан мемлекеттік сынақ – қазір жоқ.

г) Мұғалімдік этика мен шеберліктің арнаулы курстары – жоқ.

Мінеки, осындай тәрбиенің талқаны шыққан жағдайда нағыз ұстаз дайындау мүмкін бе? Әрине – мүмкін емес! Ендеше, осы сорақылықтарды қалпына келтірмей, білім жүйесін реформалауға ауыз бармайды;

7) соншама бай ұлттық тарихымызды жүйелеп оқытпасақ, ұрпағымыздың рухани кемтарлығы жалғаса бермек. Құстың қос қанаты тәрізді Ұлттық тарих пен Халықтық педагогика ұлттық санамызды ашып, ұрпағымыздың азаматтық тұлғасын жетілдірмек.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар