Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұраған Рахметұлы. Ажалдың иісіндей үнсіздік...

03.12.2015 3140

Сұраған Рахметұлы. Ажалдың иісіндей үнсіздік

  Сұраған Рахметұлы. Ажалдың иісіндей үнсіздік - adebiportal.kz


     


S-ra-an-Rahmet-lyi1.jpg



***


Сенім сені іздеп келем, іздеумен
Жүрек тоңып, жүдеулейді сыртқы әдеп.
Түкірікке шашалады түз кеудем, өзің мені тастап кеткен

жұртқа кеп.
Үміттерді үлкен зәуде үзбеуден,
Үстімізді, күлкімізді жыртқан ек,
Өмір кешу - бар тәсілдің жинағы,
Сол әдіспен пайымыңды күйге енгіз.
Өзіміздің сөзімізге иланып, білте Шынның шырағына

күйгенбіз...
Сүзбе күннің шуағында ми лағып,
Бізбен бірге ескі-құсқы киген Күз!!!
Сенім сені тауып едім ақыры -
Мыйлар құнсыз,әркім сұрсыз, пиғылсыз.
Үнсіз үндер бәрі ғаріп мақұрым,
Уақыттар қимылсыз...
Е-еее-ей, пақырым?!
Неге бұлай өңір бейғам, жел үнсіз?!
Құстар қайтты - ақырың; Сенім, сендей сенімсіз?!
Табанымды тартып жатыр желім-сыз!!!
Өмір, қызық емес өлімсіз.

 

***


Сен кеттің мені қалдырып мәңгі сары құмға,
Тебінген күйім шарасыз, күндерім баспай ілгері.
Адастым айдың жарығында,
Ра тәңірім менің - Раушан гүлдің сүлдері!!!
Беу, сары құмдағы сары мұңдар?!
Жалбызбын жаным, байланған жаны жалғызға!
Қаңқылдап ұшқан Қараөткел сенде қарығым бар,
Қанатын қармен талғызған?!
Қайран да қайран Қарасуда өшкен жалғыз дән,
Ерменнің ерке бүрінде әтір иіс ықтап,
Балауса балғын шағымсыз,
Құмайтта қалған іздерім жатыр қисық тап,
Өртеніп өшпей жалынсыз,
Сенің топырағыңдай үнсіз!!!



***



Түте бұлтты Ай, түнгі үкінің жанары,
Түлейді шуақтар түбіті
Жалбырап.
Кесене шыңдардың сүт керіп анарын,
Кезеді керенау Күнгейді жаңбыр Ақ.
Кереге таулардың керімі-ай, 
Шіркінім!
Сағыныш азабы зілдей,
Жұлдыздар жалап ап ботаның құйрығын, бұзаудың кірпігін?!
Кем айлар ұ-ұ-ұзайды, жылайды кемпірдің жүзіндей,
Апырай, мал болып тусамшы жұқтырып жуанның әтірін, тұманың көбігін...
Бұлаққа басымды батырып,
Аһ ұрып...
Естісем көк үнін, күбірін шөбінің!
Құдірет осында бір-бірін толықтап, жалғайтын,
Жанымды жылытады жайлаудың түсі кеп.
Біз ұзап кеткенше соңымнан қалмайтын,
Тауым - ай, алдымнан шығатын кісінеп!!!
Сағыныш азабы үзілмей,
Шегіртай сыр шертіп баяғы,бұрынғы,
Түйенің түп-түгел аяңды  ізіндей?!
Өткелді жағалап ұлым жүр тұлымды,
Ұлымды сағалап
Пірім жүр бұрымды!!!


 

 ***



Ормандар үнсіз, ағаштар басын Ай күптеп...
Ойлар ойбайлап, булыққан сәтте ми ішінде...
Төбеңде сенің тұрады жылдар жайылып кеп,
Беймезет осы бейтарап жеткен қисын 
кей?!
Жұтады көлдің толқыны бізді қаймыққан.
Маңайым тағы ажалдың лағыл иісіндей?!
Көзімді жусам мөп-мөлдір шыққа ай жұққан?!
Сол сәттен құба түр кешем,
Бір бетім аппақ алаудай, күрең - бір бетім,
Бозала бұлттар боздайды ойым үрлесе.
Беу, бейала айлар тірі жетім!
Жолдарың алда, жүрсең де мейлің, жүрмесең...
Тұман уысында тұрар тұмса сүгіретің.
Шөгеріп мінсем мұң Сізді!
Ай күптеп тұнған тоғайдың іші, 
Үнсіздік...
Үнсіздік...
Ажалдың айбат иісіндей!!!

Үнсіздік...

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар