Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапхана жанынан «ТӘЖ» әдеби-интеллектуалды клубы құрылып, жастардың шығармашылық қабілетін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Клуб бірнеше ірі шаралар өткізіп, көптің көңілінен шығып жатыр. Ол туралы атап өткен болатынбыз. Сол секілді Алматыда қаласында Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы жанынан «Әдебиет әлемі» орталығы құрылды.
Аталмыш орталық ақын Мұратхан Шоқанның бастамасымен құрылған.
«Шығыс даналығы «Кітапты көп оқыған, білгенін ел игілігіне жұмсамаған оқымысты, кітап тиелген арба секілді...» Бұл істеп жатқан істеріміз кітап тиелген арба болып қалмау үшін», - дейді Мұратхан ақын. Ақынның әдебиетті қолдайтын орталық ашып, төңірегіне жастар жинап, жастардың әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында игі шаралар өткізіп жатқанын «Әдебиет порталы» интернет-жобасы әрқашан қолдап, алдағы уақытта ақпараттық қолдау көрсетіп отырады.
«Әдебиет әлемі» орталығы «Таланттардың тамшыдай жырлары» атты кеш өткізді. Кешті орталық жетекшісі Мұратхан Шоқан жүргізді. Кеш барысында Мақпал Мыса, Мерген Тоқсанбай, Алмат Ержан қатарлы ақындар өлең оқыды.
Зере Бақытбайова, Айгерім Науанова ән шырқады.
Жаңа есімдер Әсел Айымбет, Құрбангүл Ағабек, Мергүл Асылханова, Айдана Ибраймова, Нұргүл Патхолина лирикалық жырларымен бөлісті.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.