Құрметті кітапсүйер оқырман!
2021 жылы Таласбектануға арналған байқауымыз жалғасатынын хабарлаймыз!
⠀
Өткен жылы жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың 65 жылдық мерей тойына орай жары Зира Наурызбаева әдеби байқау ұйымдастырғаны белгілі. Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген байқау биыл да жалғасын таппақ.
⠀
Бәйгенің басты тақырыбы – Таласбектану: Бас жүлде Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығы туралы жазылған ең мықты зерттеу мақалаға беріледі.
⠀
Таласбек шығармашылығының әр қырынан талдап жазуға болады. Бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей.
⠀
Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді үміткерлер сайттарға, болмаса Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021 хэштегімен салуы және talasbekasemkulov2021@gmail.com поштасына жолдауы тиіс.
⠀
Байқау өткізу уақыты:
⠀
Жариялаған күннен бастап 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2021 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады.
⠀
Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, белгісіз мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалуы мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беріледі.
⠀
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады:
⠀
1-орын 150 000теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 50 000 теңге