Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Талғат Кеңесбаев: Елбасының латын қарпіне көшу тур...

27.10.2017 6528

Талғат Кеңесбаев: Елбасының латын қарпіне көшу туралы тапсырмасын қолдаймын

Талғат Кеңесбаев: Елбасының латын қарпіне көшу туралы тапсырмасын қолдаймын - adebiportal.kz

Қазақ тілі мен әдебиетінің даму үшін латын қарпіне көшкеніміз дұрыс. Қазақ тілі неге дамымай жатыр? Өйткені кирилицаның қамытынан шыға алмай отырмыз... Одан қалайда шығу керек. Біз тәуелсіз елміз.Түркия мемлекетінен бастап, сонау Әзербайжан халқына дейін латын қарпін қолданады. Біздің талай асыл мұраларымыз латын қарпінде жазылып, сақталған. Бұл ретте елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын толық қолдаймын.

Кеңес үкіметінің тұсында ұстазым Қайым Мұхамедхановтың үйіне бардым. Қалың қағаздың ортасында отыр екен. Үйдің терезесін ашып қалғанда желдің екпінімен алдындағы қағаздары шашылып қалды. Менің көзім өзгеше жазуға бірден түсті. Онда «Mirzhaqyp» деген жазу болды. Қайым аға дереу қағазын алып қойды. Ол кезде алаш арыстарының ақталмаған кезі еді. «Мынау не жазу» - деп едім, «Сендер бұл жазуды білмейсіңдер әлі. Шындықтың бәрі осы жазуда. Комунистердің қарпімен жазылған шығарманың барлығы өтірік» - деді. Елбасының латын қарпіне көшу туралы тапсырмасын көріп, Қайым Мұхамедхановтың осы сөзі ойыма орала берді...

Жазып алған Бағлан Оразалы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар