Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Темірхан Медетбек: "ƏБІШ КЕКІЛБАЕВҚА"...

11.12.2015 4350

Темірхан Медетбек: "ƏБІШ КЕКІЛБАЕВҚА"

Темірхан Медетбек: "ƏБІШ КЕКІЛБАЕВҚА" - adebiportal.kz


Безымянный.png

Қара нардай қатепті
Алп, алп басқан, алп басқан,
Маңғыстаулың жеріндей
Маңдайы ашық марқасқам!
Қуат алған, күш алған
Қарындастан, қандастан.
Қолдасқанмен қолдасқан,
Арбасқанмен арбасқан.
Бұйра бұлт секілді
Бұйра шашың қар басқан
Бір өзі бір үй толтырып
Отыратын қасқайып
Жаралғандай жартастан!


Алп, алп басқан, алп басқан,
Маңдайы ашық марқасқам.
Əділдік үшін туыс пен
Жақының да жатсынған
Шамына тисе, болаттай
Шамырқанып шарт сынған!
Өңменінен өткізіп,
Жетесіне жеткізіп
Айтам десе, айта алған.
Жібектей сонсоң есіліп,
Бəрін де, бəрін кешіріп
Қайтам десе қайта алған
Елім десе, қақырап
Қабырғасы сөгілген.
Жерім десе, шырқырап
Жан- жүрегі езілген.


Артық та туған ағам- ай!
Сапырып сөздің теңізін
Іздеген ойдың маңызын
Өткеннің қиян түбінен
Арқалап жеткен аңызын.
Халықтың мұңлы зарынан
Жаралған қара қобызым.
Халықтың шерлі жанынан
Жаралған дана Абызым!
Сөйлеп берсең шешіліп
Айналасын шешенге.
Сөйлеп берсең көсіліп
Айналасын көсемге.


Сол бір кезде мен сені
Бұлт байлаған басына
Қаратауым десем бе,
Алатауым десем бе,
Жанартауым десем бе,
Дара тауым десем бе,
Дана тауым десем бе?!




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар