Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Терминологияның өзекті мәселелері» атты республик...

23.11.2018 6407

«Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтті

«Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтті - adebiportal.kz

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді. Семинар көрнекті жазушы, аудармашы, терминтанушы ғалым Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына орайластыра ұйымдастырылған.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілешов модераторлық жасады.

Кіріспе сөзді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев ашып, қазіргі қазақ тіліндегі терминология мәселелері бойынша жасалған жұмыстар мен алда атқарар жұмыстар барысын тілге тиек етті.

Семинарда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Қазақстан Республикасы министрліктерінің жетекші мамандары арасында қазақ терминологиясының қордаланған мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған терминжасам механизмін ілгері жылжытқан сөз зергері Ісләм Жарылғаповтың тәжірибесінің қыр-сыры сөз болды.

Аталған әдістемелік семинарда терминжасамның бағыттары айқындалып, терминдерді талқылаудың халықаралық және отандық тәжірибелер зерделенді.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, БАҚ өкілдері, орталық атқарушы органдардың жетекші мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар