Ақпарат тасқыны қарқынды жүріп жатқан заманда бәсекеге қабілетті болу заңдылық деп есептеймін. Жазушы болғаннан кейін қоғамдағы күн сайын болып жатқан құбылыстарды қалт жібере алмайсың. Бұрын газет-журналдарды жіті бақыласақ, қазір жастармен жағаласып интернетке кіретін болдық. Кейінгі жаңалықтың барлығын компьютерден көреміз. Заман талабынан таудай не бар дейсің?! Сондай кезеңде әдеби ортаның ұйытқысы болып, жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлаған «Әдебиет порталын» мерейтойымен құттықтаймын! Қалам ұстаған жастардың аяқ-алысын осы порталдан бақылап отырамын. «Әдебиет порталы» қарқынын күшейтіп, әдеби шығармаларды електен өткізетін үлкен сын ордасына айналсын деген тілек бар.
