Бүгін, 16 қарашада "Қазконтент" АҚ 2 апта бойы өткен "Туған жерім - алтын бесігім" туристік байқауыныy ресми түрде қорытындылады. Конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 50-ден астам жұмыс жіберілді. 3 минуттық бейнероликтерде қатысушылар туған өлкесінің сұлулығын толық көрсетіп, әлуметтік желідегі әр жазылушының қызығушылығын тудыруға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік үш жұмыс іріктелді.
Осылайша, дауыстарды санау барысында бірінші орынды Көкшетау қаласынан Игорь Стрельцов иеленді. Игорь өзінің шағын бейнесюжетінде Бурабай табиғатының ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетті. Екінші орынға Павлодар облысынан Айбек Маратов ие болды. Ол Баянауылдың табиғатына деген махабатымен өз жазылушыларын бей-жай қалдырмады. Соңында, ең көне қалалардың бірі – Түркістанның көрікті жерлерін көрсеткен Олжас Әлжанов үшінші орынды алды.
«Менің ойымша, аталмыш байқауды ұйымдастыру ішкі туризмді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді»,- деп атап өтті бірінші орын иегері Игорь Стрельцов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазконтент" АҚ ішкі туризмді дамытуға бағытталған "Туған жерім – алтын бесігім" туристік байқауының басталғаны туралы хабарлаған болатын.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.