Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұңғыш рет тіл форумы өтеді...

15.10.2019 4073

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді 12+

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді - adebiportal.kz

Алғаш рет ЗАҢ, БИЗНЕС, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, БАҚ, т.б. саланың және «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты форум өтеді.

Шараның мақсаты: Жаңа әліпби негізінде жаңғырған қазақ тілінің қазіргі заман сұранысына сай өміршеңдігін арттыру жолдарын анықтау:

  • Қазақстан Республикасындағы кез келген ЗАҢ мәтінін алдымен мемлекеттік тілде әзірлеуді ұйымдастыру;
  • отандық бизнесті қазақшаландыру;
  • білім беру жүйесін латын әліпбиіне көшіру;
  • ғылымдағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту, сапасын арттыру;
  • БАҚ-тағы қазақтілді контент сапасын арттыру;
  • жастар арасында қазақ тілін брендке айналдыру мәселелері қозғалады.

Форум барысында:

- жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдардың көрмесі өтеді. Мұнда «Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген жаңа ІТ-жобалар таныстырылып, көпшіліктің қолданылуына ұсынылады.

- 6 секция бойынша жұмыс жасайтын ғылыми конференция өткізіледі;

- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірдегі тілдік ахуалды жақсарту бойынша үйлесімді жұмысты жоспарлауға арналған өңірлік Тіл басқармаларының басқосуы ұйымдастырылады.

Күтілетін нәтиже:

1. Жаңа әліпби емлесіне қатысты жұрт көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріледі.

2. Мемлекеттік тілдің заңнамасын жетілдіру, бизнес, ғылым, білім, БАҚ-тағы қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге, мәдениетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар көрсетілген қарар қабылданып, жауапты құзырлы органдарға жіберіледі. Қарар «Тіл-Қазына» орталығының ресми сайтында, БАҚ-та жарияланады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа орталығы»

Өтетін мерзімі: 2019 жылғы 24 қазан, сағат: 09:00

Байланыс телефондары:

27-71-38, 27-30-43, 27-31-32


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар