Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түріктер Тұрарды танымақ...

21.08.2013 3274

Түріктер Тұрарды танымақ

Түріктер Тұрарды танымақ - adebiportal.kz


5cf2db95969563f94462a5e3f42f4f04.jpg
 Негізі Ада атты аралда тұратын Халит бейді Стамбұлдан кездестіру қиын екен. Бірнеше күнгі еңбегіміз зая кетпеді. Сәрсенбінің сәтінде Халит Какынч мырзамен жүздесіп, кітап туралы пікірін білген едік. 

«Түркілерге ортақ тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру жолында құрбан болған Рысқұлов туралы алғашқы кітап жайлы ақпараттың «Түркістан» газетінде жариялануы кездейсоқтық емес. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өкінішке қарай, Тұрармен пікірлес  әрі үзеңгілес болған Мирсаид Сұлтанғалиевті бүкіл Түркия халқы жақсы таныса, Рысқұловты танитындар некен саяқ. Бұйыртса, бір аптадан кейін оқырмандар қолына тиетін кітапты оқығаннан кейін Тұрарды білуге құштар азаматтар қатары көбейеді деген сенімдемін. «Бір адамды тану үшін он алты келі тұз жеу керек» деген орыс мақалы бар. Меніңше, тұз жеудің қажеті жоқ, тек Рысқұловтың табиғатын, оның тұлға ретіндегі ерекшелігін тап басып тани алсақ, жетеді» деп ағынан жарылған Халит бей: «Тұрардың Түркістан автономиялық республикасының атын Түркі республикасы деп атауға ұсыныс жасауы бүкіл түркі әлемі үшін аса маңызды. Екіншіден, Түркістан коммунистік партиясының атауын Түркі коммунистік партиясы деп өзгерту, Түркістанда тұратын тәжіктен басқа түбі бір халықты түркі деп атап, оларды бір бірінен бөле жармау, ал түркі тілін мемлекеттік мәртебеге көтеруді қолдаған. Ең маңыздысы, Түркі мемлекетін қорғайтын армияны жасақтап, мұсылман емес сарбаздар Түркістан аймағынан аластатылуы тиіс деген. Тұрар Рысқұлов ұстанған тағы бір қағида - тәуелсіз Түркі мемлекетінің Конституциясын түзу. Бұл да егемен елдің іргесі берік болуы үшін өте маңызды», деді.


Төрт жүзе бетке жуық кітапта автор түркі тектес халықтардың өкілдері – ұлттық коммунизм ағымын ұстанушылар Молланұр Вахидов, Мирсаид Сұлтанғалиев, Нериман Нериманов секілді тұлғалардың өмірі мен саяси бағыттарын Тұрар Рысқұловпен салыстыра отырып, түркі мемлекеті үшін күрескен қазақ ұлының еңбегі ерен екендігін дәлелдеген.


Еңбекті жазу барысында Халит Какынч кейде қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардың Тұрар Рысқұловқа қатысты тұстарын, кейде архивтік құжаттарды пайдаланған.


    Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

  Стамбұл, Түркия


Қайнар көз: www.turkystan.kz порталы




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар