Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
TWESCO 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жы...

TWESCO 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізеді

21.06.2016

3312

TWESCO 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізеді - adebiportal.kz


Conferance 1.jpg


Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.


Іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастықтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.


Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.


Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстық көл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.


Коференцияның басталу уақыты: 2016 жылғы 23 маусым, сағ.10:00

Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.


Халықаралық Түркі академиясының

Баспасөз қызметі

Тел.: 57-49-83

Моб.: +7 707 310 03 81

e-mail: press@twesco.org

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan