
Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты насихаттайтын ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының сайты ашылды.
Жаңадан ашылған сайт қазақ халқының дәстүрлері мен тарихына қатысты деректерді насихаттауды мақсат етіп отыр. Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы, Қазақ Ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов.
Осы уақытқа дейін Қасымхан Бегмановтың басшылығымен республикалық «Дәстүр» журналы жарыққа шығып келеді. Ал аталған сайт журналдың электронды нұсқасы болып табылады. Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын сайтты жасауға «Қазконтент» АҚ қолдау көрсетті.
Сайтпен танысамын десеңіз осы сілтемені басып көруіңізге болады.
