Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлы ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды...

24.12.2015 4889

Ұлы ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды

Ұлы ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды - adebiportal.kz

12391428_779151242189266_2884958392503053848_n.jpg


Атырауда даңқты жерлесі, Қазақстанның Әнұраны авторларының бірі, ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды. Ақынның төртметрлік мүсіні биіктігі осындай гранит тұғырға қондырылды.


«Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңі әнұран ретінде 2006 жылы Президентті ұлықтау салтанатында орындалды, бұл шығарма 1956 жылы жазылған болатын. Біздің жерлесіміз қысқа өмірінің ішінде көптеген таңдаулы шығармаларын мұраға қалдырды. Ол небәрі 48 жыл ғұмыр кешсе де, поэзиялық және прозалық шығармалары қазақ әдебиетінің тарихынан ойып тұрып, өз орнын алды. Облыста әдебиет қайраткерлеріне орнатылған оның алғашқы ескерткіші біздің даңқты жерлесіміздің шығармашылығын зерделеуге жаңаша серпін береді ғой деп санаймын», - деді Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын көп жылдардан бері зерттеумен айналысып жүрген ақын Қадір Жүсіп.




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар