Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ұлы Дала» республикалық әдеби байқауы жарияланды...

27.11.2018 7926

«Ұлы Дала» республикалық әдеби байқауы жарияланды

«Ұлы Дала» республикалық әдеби байқауы жарияланды - adebiportal.kz

«Нұр Отан» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп жас ақын-жазушылар мен қаламгерлерге арналған «Ұлы Дала» атты республикалық әдеби байқау жариялады. Өзара ынтымақтастық меморандумның негізінде жарияланған байқау туралы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы ұйымдастырылған брифингте айтылды.

Аталған жиынға партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, жазушы, драматург Төлен Әбдік, публицист, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов және Жазушылар одағы Басқармасының секретариат хатшысы Несіпбек Айт қатысты.


Байқаудың басты мақсаты – рухани жаңғыру идеялары мен құндылықтарын дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсету. Сондай-ақ өз шығармаларында еліміздің рухани жаңғыруы мен дамуын суреттейтін, қазіргі заманғы шындықты түсінуге және қазақстандықтардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жас әдебиетшілерді анықтап, олардың еңбегіне лайықты баға беру де көзделіп отыр.


Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Қатысушылардың жұмыстары 2018 жылдың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданады. Нәтижесінде «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериал сценариі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығарма» сияқты бес аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ. Әр аталым бойынша жеңімпаз бен екінші және үшінші орын алған қатысушыға қомақты қаржылай сыйлық тағайындалған. Нақты айтқанда, әр аталымның жеңімпазына – 1,5 миллион, 2-орын иегерлеріне – 750 мың, ал 3-орын алған қатысушыларға 500 мың теңгеден беріледі.


Өзара ынтымақтастық меморандумының негізінде «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағы төрт жобаны бірлесіп жүзеге асырады. «Ұлы Дала» әдеби шығармашылық байқауы сол игі бастамалардың бірі.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар