Астана. 12 қазан. «Әдебиет өлсе де, балалар әдебиеті өлмейді» деген тәмсіл бар. Бірақ, қазіргі қазақ әдебиетінде жағдай басқаша болып тұр. Кітап шығарудан кенде емеспіз, алайда, балаларға арналған сапалы һәм кәсіби дүниелер сиреп барады. Алдыңғы буын қартайды, ал, жаңа есімдер жоқтың қасы. "Оны біз істемегенде, кім істейді" деген ойға келдік. «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» сынды ертеден келе жатқан балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі келесі, 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялап отыр, - деп жазады kalaisyn.kz танымдық порталы.
Үш бәйтерегіміз – қазақ балалар әдебиетінің үш алыбы Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев. Мұзағаң бастаған, Қадыр атамыз мен Тұманбай атамыз қоштаған, Бердібек Соқпақбаевтар атсалысқан қазақ қаламгерлері осыған дейінгі бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп шығарды.
Қайнар көз: www.baq.kz порталы
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.