Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Qalamdas әдеби сыйлығының екінші маусымы басталды...

15.08.2023 3622

Qalamdas әдеби сыйлығының екінші маусымы басталды

Qalamdas әдеби сыйлығының екінші маусымы басталды - adebiportal.kz

Алматылық ашық әдебиет мектебі қазақстандық «Дактиль» әдеби онлайн журналымен бірлесе отырып, EZ Solutions ивент-агенттігі мен тарихы бай отандық «Простор» әдеби журналының қолдауымен «Мусагет» қоғамдық қорының негізін салушы Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының екінші маусымын жариялайды.

Әдеби сыйлықтың байқауы екі тілде төрт номинация бойынша өткізіледі. Олар: «Поэзия», «Проза», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». Байқауға қазақ немесе орыс тілінде жазатын Қазақстанның азаматтары және резиденттері қатыса алады. 

Байқауға өтінім қабылдау 2023 жылдың 15 тамызында басталып, 14 қазанына дейін жалғасады.

Qalamdas әдеби сыйлығының қазақтілді және орыстілді жеңімпаздарының есімдері әр номинация бойынша 2024 жылдың наурыз айының ортасында өтетін марапаттау рәсімінде жария етіледі. 

Әдеби сыйлықтың жүлде қоры 1,6 млн теңгені құрайды.

Ережесі, өткізілу тәртібі мен қазылар алқасы туралы ақпаратпен әдеби сыйлықтың парақшасында танысуға болады: https://litshkola.kz/qalamdaskaz/

Qalamdas әдеби сыйлығы қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдауға ғана емес, олардың басын қосып, әлеуетін ілгері дамыту үшін ортақ шығармашылық ортаны құруға арналған. Әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар