Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Халықаралық «Шекарасыз детектив – 2016» әдеби конк...

19.07.2016 2275

Халықаралық «Шекарасыз детектив – 2016» әдеби конкурсына 10 мың доллар тігілді

Халықаралық «Шекарасыз детектив – 2016» әдеби конкурсына 10 мың доллар тігілді - adebiportal.kz


Украиналық «Стрельбицкий мультимедиалық баспаханасы» мен «Андронум» Баспа одағы бірлесе отырып, детектив жанрындағы ең үздік заманауи көркем шығармаға конкурс жариялады.


det_1.jpg


1. Конкурсқа қатысу шарттары


1.1. Конкурсқа шығармалардың авторы-құқық иесі ғана қатыстырылады.


1.2. Конкурсқа детектив жанрының барлық талаптарына жауап беретін, кез келген тілде жазылған шығармалар қабылданады.


1.3. Конкурсқа бұрын электронды кітап (epub, fb2) ретінде жарық көрмеген, конкурс талаптарына толықтай жауап беретін шығармалар ғана жіберіледі.


1.4. Конкурс саясиландырылмаған және әлеуметтік маңызы жоғары. Байқауға бейәдеп сөздер араласқан, зорлық-зомбылықты, порнографияны, соғысты дәріптейтін, ұлттық, діни немесе басқа да кемсітушілікке жол беретін, сондай-ақ, жеке адамдардың ар-намысын таптайтын, абыройына нұқсан келтіретін және басқа да заңмен тыйым салынған мазмұндағы шығырмалар қабылданбайды.


1.5. Сыйлықтар нақты бір шығармаға беріледі және бір автор тек бір ғана сыйлықты жеңіп ала алады.


1.6. Байқауға қатысушылар жіберген шығармаларының тек өзінің авторлығындағы мәтін екенін, ешкімнің авторлық құқығын бұзбағандығын кепілдендіруі қажет.


1.7. Ұйымдастырушылар байқауға жіберілген шығарманың авторлық құқығының бұзылмауына кепілдік береді.


2. Конкурстың сыйлықтары мен атағы


2.1. «Шекарасыз детектив – 2016» конкурсына төмендегідей ақшалай сыйлықтар тігіліп отыр:


· Бас жүлде – 10 000 USD.

· 5 ынталандыру сыйлығы – әрқайсысына 500 USD.


Сыйлықтар байқау қорытындысы шыққаннан кейін 15 күн көлемінде беріледі. Сонымен қатар, конкурс қатысушылары қазылар алқасының шешімімен бағалы сыйлықтармен марапатталуы мүмкін.


2.2. Конкурс ЖЕҢІМПАЗЫНА «Лауреат» атағы беріліп, арнайы диплом табыс етіледі.


2.3. Ынталандыру сыйлығын алған 5 қатысушыға «Жүлдегер» атағы беріліп, арнайы дипломдар табысталады.


2.4. Шорт-листке (4.2-тармақ) енген қатысушыларға «Номинант» атағы беріліп, арнайы дипломмен марапатталады.


2.5. Лауреат, жүлдегерлер мен номинанттардың шығармаларын кітап қылып шығаруды Баспа өз мойнына алады.


2.6. Баспа лауреатпен және жүлдегерлермен ұзақ мерзімді агенттік келісімге отыруға кепілдік береді.


2.7. Лауреаттың, жүлдегерлер мен номинанттардың жеке мәліметтері www.strelbooks.com сайтына орналастырылады.


2.8. Қазылар алқасы авторлармен баспагерлік келісімге отырғаннан кейін конкурсқа қатысқан кез келген шығарманы электронды нұсқада кітап қылып шығаруға рұқсат ете алады.


3. Байқауды өткізу мерзімі және шығармаларды тексеру шаралары


3.1. Шығармаларды қабылдау – 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін


3.2. Конкурс үш кезеңмен өтеді:


· Бірінші кезең – конкурсқа қатысушылардың лонглистін жасау 2016 жылдың 10 қыркүйек:


· Екінші кезең – конкурс номинанттарының шортлистін анықтау 10 қыркүйек — 10 қазан 2016 ж.


· Үшінші кезең – жеңімпаздарды анықтау 10 қазан– 10 қараша 2016 ж.


3.3. Байқауға қатысуға өтінім мен шығарманы жібергеннен кейін автор шығармасына өзгертулер мен толықтырулар енгізе алмайды.


3.4. Конкурс талаптарына жауап бере алмайтын шығарманы қазылар алқасы ұжым бойынша ақылдасы анықтайды.


3.5. Конкурстың ресми қорытындысы 2016 жылдың 20 қазанында шығарылады.


3.6. . Конкурс қорытындысы ресми қорытындыдан кейін 15 күн ішінде www.strelbooks.com сайтында жарияланады.


3.7. Бас жүлде мен ынталандыру сыйлықтары ресми қорытындыдан кейін 15 күн ішінде табысталады.


4. Конкурстың өткізілуі


4.1. Конкурсқа қатысатын шығармаларды әдеби шығармаларды бағалаудың жалпыға ортақ кәсіби шарттарын қатаң сақтай отырып қазылар алқасы бағалайды.


4.2. Жіберілген шығармалармен танысу барысында конкурстың лонг-лист және шорт-листтері жасалады.


4.3. Қазылар алқасы өтінімдерді түсу уақытына қарай тексереді, шығармалардың талапқа сай болуын, автор жіберген құжаттардың толықтығын қадағалайды. Барлық талапқарға сай деп табылған шығармалар лонг-лизт тізіміне енгізіледі.


4.4. 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін конкурстың лонг-листіне енген шығармалар тізімі Конкурстың Facebook парақшасына шығарма тақырыбы, авторы толық көрсетіліп, жарияланып отырады. Қатысушы авторлар өз шығармасымен оқырмандарды таныстыру мақсатында байқаудың Facebook парақшасына үзіндісін жариялай алады.


4.5 Лонг-лист жарияланғаннан кейін Facebook желісінде рейтингтік дауыс беру жүргізіледі.


4.6. 2016 жылдың 10 қазанында қазылар алқасының дауысы мен оқырмандардың рейтингтік дауыс беруінен көп ұпай жинаған шығармалар конкурстың шорт-лист тізіміне кіреді.


4.7. 2016 жылдың 10 қазанында Facebook парақшасында байқаудың шорт-листі жарияланады. Осыдан кейін оқырмандардың рейтингтік дауысы шорт-листке енген шығармаларға беріле бастайды.


4.8. 10 қарашада қазылар алқасы барлық дауыстарды есептеп, өздері де дауыс беру арқылы лауреат пен 5 ынталандыру сыйлықөа лайық деген шығармаларды таңдайды.


4.9. Дауыс тең бөлінсе, қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып саналады.


Қазылар алқасы:


Төраға:

Виталий Лукьяненко — «Стрельбицкий мультимедиалық баспаханасының» бас редакторы, Украинаның еңбек сіңірген журналисі

Қазылар алқасының мүшелері-редакторлары:


Андрей Пономаренко — меценат, Ұлыбритания.


Елена Скачко — «Единственная» журналының бас редакторы, Украина.


Дмитрий Андреев — Зияткерлік құқық институтының директоры, Украина.


Ольга Сумская — Украинаның халық әртісі, Украина.


Михаил Блехман — лингвист, әдебиеттанушы, «Порт-Фолио» интернет-альманахының редакторы, Украинаның халықаралық әкөркем әдебиет қауымдастығының мүшесі, Николай Гоголь, Пантелеймон Кулиш және Антон Чехов атындағы әдеби сыйлықтардың иегері, Канада


Анна Моисеенко — «Стрельбицкий мультимедиалық баспаханасы» директорының орынбасары, Украина.


Толығырақ мәліметті осы сілтемеден аласыздар. 


Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар