Ырысбек ДӘБЕЙҰЛЫ: ЗУҚА БАТЫРДЫҢ СЕРТІ
1928 жылы қытайлар Зуқа қажының басын алып, Сарысүмбедегі (Алтайдағы) Қаракөпірге іліп қояды.
1928 жылы қытайлар Зуқа қажының басын алып, Сарысүмбедегі (Алтайдағы) Қаракөпірге іліп қояды.
«Астыңда қара жер болмаса,
Үстіңде көк аспан да болмайды.
Тәңірі бұйырған теңдік бұзылса –
Не ер кетеді, не жер кетеді...
Сенің қылың да қисаймас
Дәм атып, Тұз ұрса!..».
Антың –Алаштың қамы еді,
Семсер жүзіндегі серт емес-тұғын.
Қаракөпірдің үстінде жоғалған аспан жайлы аңыз
һәм жердің қайда кеткені, ердің қайда қалғанын айтып,
ары-бері шұбырған жүргінші бүгін...
