Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ
Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығынд...

07.11.2022 2025

Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы 14+

Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы - adebiportal.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына  арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ашылу салтанатында Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаың отандық журналистика мен Қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды. Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты. ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді. 
Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты түйткілді мәселелер талқыланып, асылы мен жасығы, ағы мен қарасы таразыланды. Журналистік білім берудің бүгінгі келбеті мен ертеңгі бейнесі сөз болды. Практикалық білік пен теориялық білімді ұштастырудың, ішкі гармониясын реттеудің жолдары зерделенді.
Шара барысында Журналистика факултетінде Шерхан Мұртаза аудиториясының ашылу салтанаты, тұсаукесер рәсімі өтті. Жазушы-журналистің өмірі мен шығармашылығынан мол хабар беріп, заманауи техникамен жабдықталған оқу залы шәкірттердің шеберлігін шыңдап, жазу машығын қалыптастыруға үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Бұл – өскелең ұрпақты тұлғалар арқылы, олардың іс-өнегесі мысалында тәрбиелеудің үлгісі.
Конференция материалдары ғылыми жинақ болып жарық көреді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар