Астанада үшінші мәрте өтіп жатқан Еуразия халықаралық кітап көрмесінде «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен «Жаңа заман Әзірбайжан поэзиясының антологиясы» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Салтанатты рәсімге қандас ақындар Екбер Гошалы, Ильгар Түркоглы, Иылмаз Окуглы келіп қатысты.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет және Әзербайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов ашып берді.
Әзірбайжан шайырларының тәржімаланған жырларын Оңайгүл Тұржан, Мирас Асан, Жанат Жаңқаш, Олжас Қасым, Айзада Рахымжанова, Рауан Қабидолдин сынды ақындар оқыды. Жарық көріп отырған антологияға 40-тан астам қандас ақындардың өлеңдері енген.
Игі шараға Дәулеткерей Кәпұлы, Танагөз Толқынқызы бастаған ақындар мұрындық болды. Айта кетейік, былтыр «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері әзірбайжан тілінде шығып, аталмыш жинақтың тұсауы Бакуде кесілген болатын.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.