Қазіргі буын қазақ ақын қыздары арасында өзіндік орны бар жас дарындардың бірі – «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері Толқын Қабылша.
Талғамым еді тереңдік,
Тағдырды солай өлең ғып.
Таңғы шықтайын тым нәзік,
Таң нұрымен де жыр жазып.
Тағдырды кешіп келем-құт ... -
деп жырлаған ақын «ЖАҢБЫРДАҒЫ САҒЫНЫШ» атты жыр жинағының тұсаукесерін жасап, оқырмандарымен қауышпақшы.
28 қазан күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында өтетін ақынның жыр кешіне сәттілік тілейміз!
Adebiportal.kz
