Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жастықтың оты қайдасың......

31.10.2018 7240

Жастықтың оты қайдасың...

Жастықтың оты қайдасың... - adebiportal.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының Семей қалалық филиалы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 9 қараша күні «Жастықтың оты қайдасың...» атты қалалық жас ақындардың поэтикалық дуэлі өткізіледі.

Дуэльдің мақсаты: жыр алабына ендеп, бойлап келе жатқан жас ақындарды жарыстыру емес. Керісінше, кезектесе өлең оқыту арқылы өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Өткізу тәртібі мен шарттары: Байқау 3 айналым бойынша өтеді. Қатысушылар 1-айналымда өзі туралы айтып, сүйіп оқитын өлеңін не шығармасын айтады. 2-айналымда қатысушы жас ақындар жұптарға бөлінеді, әрбір дуэльге қатысушыға «үш рет атуға» рұқсат- үш белгілі бір тақырыпқа арналған шығармасы. Әр оқылған өлең қарсылас оқыған өлеңге жауап болып саналады. Дуэль ережесі бойынша 3-айналымға әрбір жұптың жеңімпазы шығады. 3-айналымда «Поэтикалық экспромт», залда отырған көрермендерден тақырып ұсынылады да, қатысушылар 15 минут ішінде толық поэтикалық шығармаға айналдырып шығаруы тиіс. Қатысушыларға олардың секунданттары (2 адамнан көп емес) көмектеседі.

Қатысушылардың жасына шек қойылмайды.

Жыр додасына қатысатын ақындар төмендегі үш тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлеңдерін жолдауы тиіс:

- «Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы...»;

-«Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді...»;

- Еркін тақырып.

Жас ақындар алдын ала жеребе тарту арқылы жұптарға бөлініп, соған сәйкес өнер көрсетеді. Әрбір жұп жеңімпазы келесі айналымға жіберіледі.

Басты ерекшелігі – поэтикалық дуэльде үздік жас ақын анықталып, бас жүлде иегері республикалық поэтикалық дуэльге жолдама иеленеді.

Қай ақынның үздік атанатынын қазақ поэзиясының, әдебиетінің үлкен өкілдері шешеді.

Автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек. Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, dulatbabatay@mail.ru электронды мекенжайына 7-қарашаға дейін жолдануы тиіс. Ұйымдастыру комитеті жіберілген сұраныстарды іріктеп алу құқығына ие. Байланыс телефондары: +7 747 698 89 49 (Аяулым), +7 747 117 27 87 (Бекзат)

Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Поэтикалық дуэль жеңімпаздары Дипломдармен, Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
  • Поэтикалық дуэль жеңімпаздары туралы хабарлама университет сайтында және БАҚ-да жарияланады.

Келем деушілерге есік ашық.

Сұраныс үлгісі

р/с

Сипаты

Мәлімет (фото)

1

Автордың толық аты-жөні

2

Автордың бүркеншік аты

3

Туған жылы, айы, күні

4

Оқитын немесе жұмыс жасайтын мекемесі

5

Байланыс нөмірі

6

Қысқаша шығармашлық өмірбаяны


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар