Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жазушы Әміржан Әлпейісовтың шығармашылық кеші өт...

13.06.2014 3856

Жазушы Әміржан Әлпейісовтың шығармашылық кеші өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, тарихшы, көсемсөзші, ғалым Әміржан Әлпейісовтың «Жас тұлпар дүбiрi» атты шығармашылық кеші өтті. 

IMG_1208.JPG

Әміржан Әлпейісов 7 кітап, 4 оқу құралы және жүзге тарта ғылыми-публицистикалық мақалалар мен материалдардың авторы. «Сурок-беглец», «Жас тұлпар дүбiрi», «Азаттық аңсаған Сарыарқа», «Ностальгия», «Күз» атты әңгімелер жинағында Әміржан Әлпейісов мұрағат материалдарын пайдаланып, қазақ зиялы қауымының өткені, бүгіні, болашақтағы сабақтастығы идеясын көтерген. 

IMG_1191.JPG

Автордың кітаптары әртүрлі тілдерге аударылған, Германияда неміс тілінде «Ностальгия» атты әңгімесі, поляк тілінде «Қашқын суыр» атты повесі жарық көрді. 
Қазір Әміржан Әлпейісов тарихи тұлғалар – қолбасшы-генералдар  Ғұбайдолла Жәңгіров, Лавр Корнилов бейнелерін сомдау үстінде.  

IMG_1169.JPG

Әміржан Әлпейісовтың кітаптары, көптеген жарияланымдарымен арнайы кітап көрмесінде танысуға болады. Бұдан бөлек, бұл кеште «Жас тұлпар» адамдары жолдарымен» атты деректі фильм мен жазушы шығармашылығы туралы фильм көрсетілетін болады. Шығармашылық кешке Астананың қоғам және зиялы қауым өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, ҚР Білім және ғылым министрлігің Мемлекет тарихы институты қызметкерлері, Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің тыңдаушылары қатысып пікір алмасты.  

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар