Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Жазушылар туралы 10 дерек...

27.02.2017 26391

Жазушылар туралы 10 дерек

Жазушылар туралы 10 дерек - adebiportal.kz


1.  Жазушылар қоғамдық құбылыстар мен біреудің айтқан кез-келген пікірін бей-жай қалдырмайды. Олар барлық нәрсені жүрегімен қабылдап, күні-түні ой үстінде жүреді. Сондықтан жазушылармен сөйлескенде шынайы пікір білдіріп, бос сөз айтпауға тырысу керек. Әйтпесе олардың жүйкесіне тиіп, жүрегін ауыртуыңыз әбден мүмкін.

f1d5002745777ababea97fb5bfa7e8fb.jpg


2.  Жазушылар алғашқы өркениеттің дамуы кезінде әміршілер мен билеушілердің тарихын, саясатын, үкімін жұртқа жеткізу мақсатында қызмет етсе, кейін ғаламдық проблемалар мен қоғамның кем-кетігін түгендейтін маңызды фигураға айналды.  

3.  Жазушылар бір мезетте бірнеше қызметті атқарады. Өйткені олар жазу объектісін зерттеген кезде, өзге саланың тақырыптарын да қамтиды. Бұл заманда жазушының тарихшы, өнертанушы, саясаткер, философ екенін анық аңғарып отырмыз.

4.  Әлем мойындаған классик жазушы Эрнест Хемингуэйдің: «Нағыз жазушы жетімдерден» шығады деген сөзі қазір афоризмге айналып кеткен. Әдетте жетімдер жастайынан өмірге бейімделіп, барлық қиындықпен жалғыз өзі бетпе-бет келеді. Демек, жазушы болу үшін жаратылысты ертерек танып, бала кезден өзіңмен-өзің мұңдасатын қиялшыл болу керек.

5.  Жазушылар көп жағдайда бірін-бірі мойындамайды, және өзге қаламгерлердің жақсы туындысына қызғанышпен қарайды. Олар өздерінің талант екенін іштей сезсе де, өзге адамның оның шығармашылығы туралы пікір айтқанын қалайды. Шығарма жазғанда соншалықты дана бола тұра, шын өмірде бала сияқты келеді. Сондықтан оның шығармасын оқыған болсаңыз, жақсы жерін мақтай салыңыз. Өйткені сіз оған тағы бір шығарма жазатын әсер сыйлауыңыз мүмкін.

6.  Халық санына шаққанда жер бетінде жазушылар саны көп болды. Олардың қаншамасы елеусіз, ескерусіз халықтың есінен шығып кетті. Олардың ішінде шынымен де мықты жазушылар болған. Ақпарат тасқыны күшейген заманда жарнамаң жақсы болмаса, жазушының шығармасы үнемі айналымда тұра бермейді.

7.  Оқырман көп жағдайда жалпы адамзаттық мүддені көздеген шығармаларды ұнатады, ал жекелеген адамның, биліктің сөзін сөйлеген шығармаларды «халтура» - деп есептейді. Мейлі, ол туынды жақсы болса да. Сондықтан көп жазушылар ондай өтпелі тақырыптарға соқтықпайды, егер бас пайдасы үшін керек болып жатса, жазып, басқа біреудің атымен шығара салады.

8.  Қазіргі заманда кітап жазып, қомақты қаржы тауып жүрген қаламгерлер жетерлік. Олардың алды әлемдік бай адамдармен теңеседі. Бүгінгі күні шытырман оқиғаларға толы бестселлерлер мен махабат тақырыбындағы шығармалар үлкен сұраныс тудырып тұр.

9.  Кез-келген жазушы ақша табу үшін өзге жұмыстармен айналысуды жек көреді. Олар ондай процесті "ұсақ-түйек" деп есептейді. Сондықтан әр жазғаны бағаланып, соған жеткілікті қаражат төлесе деп армандайды.

10. Жазушылар кей жағдайда өздерінің жақсы не жаман шығарма жазғанын айыра алмайды. Сол себепті ортақол жазушының өзі классик жазушының шығармасын менсінбей отырады. Негізінен шығармашылық адамдарының ішінде амбицияның жоғары болуы қалыпты құбылыс. Оған түсіністікпен қараған дұрыс.  


Бағлан Оразалы



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар