Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жеті кітаптың тұсауы кесілді ...

13.03.2014 5304

Жеті кітаптың тұсауы кесілді

12 наурыз күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов мырзаның демеушілігімен жарық көрген жеті  кітаптың  тұсаукесер рәсімі өтті. 

IMG_1907.JPG

Кітап авторларының ішінде жинақтарын  тұңғыш рет шығарып отырған Әлия Дәулетбаева, Жанар Әбсадық, Қуаныш Медеубаев сияқты ақындармен қатар, кітаптары сұранысқа ие Бейбіт Сарыбай, Азамат Тасқараұлы сынды қуатты қалам иелері және журналист, публицист Думан Анаш пен белгілі карикатурашы, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ғалым  Смағұлының кітабы да бар. Тұсаукесер рәсіміне орай өткізілген баспасөз мәслихатына Сейіт Қасқабасов, Алдан Смайыл, Нұрлан Оразалин, Оңайгүл Тұржан, Қажығали Мұханбетқали, Әкім Тарази, Серік Ақсұңқарұлы, Тұрсын Жұртбай, Асқар Алтай, Абзал Бөкенов, Бигелді Ғабдуллин сияқты айтулы қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қатысып өз ойларын ортаға салды.

Тұсаукесер рәсімін жазушы Алдан Смайыл ашып берді. Одан әрі сөз тізгінін қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы алды. Ақын жеті автордың жинағына қысқаша тоқталып, әдебиетші қауымға, жастарға ой саларлық салиқалы пікір айтты. Кезек жеті жинақтың тұсауын кесетін салтанатты рәсімге де келіп жетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, көрнекті қаламгер Әлібек Асқар мен «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының президенті Салжанов Исламбек мырза жаңа кітаптардың тұсауын кесті. Ұлттық кітапхана қорына жаңа авторлардың жинақтары  ұсынылды.

Кеш қонақтарына да кезек келіп, әдемі жырлар оқылды, қаламгерлердің ойы тыңдалды. Залда отырған тындарман қауым ақындар жырын ұйып тыңдады. Іштей осы кештің аяқталмауын тілегенмен әр нәрсенің басы мен соңы болатыны сияқты тағы бір тамаша кештің қорытынды бөлімін жеті жинақтың шығуына ұйытқы болған  Исламбек мырза қорытындылады.

– «Қазіргі нарық заманында біз тек экономикалық дамуды ғана ойламауымыз керек. Қазақтың руанияты да қоса дамуы керек. Руханияттың дамуы ол – әдебиеттің дамуы. Бұл біздің әдебиетке қосып жатқан үлесіміз. Титтей де болса қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жатқан бүгінгі жеті жинақ авторларының қуанышын көріп өзімді бақытты сезінемін...» дейді меценат. Нағыз қазақ азаматының сөзі. Дәстүрлі жалғасып келе жатқан бұл үрдіс келер жылы да жаңа есімдермен толығатынын айтып тағы бір қуантып тастады. Әлия ақын айтқандай бұл «Алматы мен Астанададан шалғай жатқан» ақындарымызға да  сүйінші жаңалық болды.

Сонымен, қазақ әдебиетінің қоры тағы да жеті жаңа есіммен, жеті жинақпен толықты. Сегізден жеті бөлігі су астына жасырынған айсберг сынды жақсы шығармалар оқырман қауымның жүрегіне жол тартты. Сенім мен үміт арқалаған жеті жинақ! Біз де жеті жауһар Жүрек иесін қуанышымен құттықтадық. Әрдайым қазақ қаламгерлерінің жазары таусылмасын  дегіміз келеді.


 

IMG_1909.JPG 

IMG_1960.JPG 

IMG_2040.JPG 

IMG_2098.JPG

IMG_2061.JPG

IMG_2082.JPG

IMG_2085.JPG

IMG_2103.JPG  

IMG_2109.JPG

IMG_2114.JPG

IMG_2125.JPG

IMG_2133.JPG



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар