Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйінде» 14 наурызда сағат 16.00-де қазақ поэзиясына өз қолтаңбасымен келген талантты ақындар – Әлібек Шегебай, Талғат Ешенұлы, Бақытжан Алдияр, Бекжан Әшірбаев, Анар Шамшадинова, Мұратхан Шоқанжәне Руслан Нұрбайдың қатысуымен «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өтеді. Кешті М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бауыржан Жақып жүргізеді. Әдеби кешке қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, кеш барысында «Жеті бояу» атты жыр жинағының тұсауы кесілмек.
adebiportal.kz
