Ұлы дала ділмәрі – Бұқар жырау

Бөлісу:

26.12.2018 4554

Биыл қазақ ұлтының көмекей жырауы атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы республика бойынша кең көлемде тойланды. Жыл бойы түрлі деңгейде аталып өткен шаралардың тобықтай түйіні Астана қаласында жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының қолдауымен баба мерейтойына арналған «Бұқар жырау – авторлық ауыз әдебиетінің классигі» атты ғылыми-танымдық семинар өтті.

Ғылыми семинарды университеттің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ашып, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов «Жыраулық институты және Бұқар жырау» атты баяндама жасады.

Шараның өтуіне ұйытқы болған ф.ғ.д., профессор Аманжол Әлтай, сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Смайыл, ф.ғ.д., профессор С. Негимов, ф.ғ.д., профессор Р. Тұрысбек, ф.ғ.д., профессор С. Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор М. Оразбек, ф.ғ.к., доцент Б. Қорғанбек сынды ғалымдар Бұқар жыраудың мұрасындағы маңызды мәселелер жайында сөз қозғады.

Әнші Е. Рысқали пен Е. Шалдыбаев әуелетіп ән салып, семинарға қатысушылардың, құрметті қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Заңғар КӘРІМХАН

Бөлісу:

Көп оқылғандар