Мұсатай Ақынжанов
Мұсатай Ақынжанов (1905–1986) - 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің пед.техникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.
1925–1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы МарксЭнгельсЛенин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған.
Тарихи және тарихиәдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.
Шығармалары: «Жастарға үлгі-өнеге». Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925; «Шаруа достары». Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926; «Садыр мен Садық». Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, «1931 Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы». А., ҚМКӘБ, 1948; «Абайдың өмірі мен творчествосы». Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955; «Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы». Зерттеу. А., «Ғылым», 1971; «Нұрсәуле – Шолпан». Пьесалар. А., «Жазушы», 1971
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
