Абылай ханның арманы
Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармалары, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған.
Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары – Күнімжан», «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырымен һәм самалдай ескен жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ой-өрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық.