Әдеби жәдігерлер 18 том Шариғат түсініктері
Бабырдың осы томды құрап отырған «Мубəййəн дəр фикһ» («Шариғат түсініктері») еңбегінің түркі жазба əдебиетінде алар орны ерекше. Бабыр бұл шығармасында Ислам дінінің ұстындарын, иман негіздері мен шариғат шарттарын өлең сөзбен өрнектеген. Себебі ақын өмір сүрген орта – Исламның негізгі ағымдарынан саналатын сүнниттік жəне шиіттік бағыттардың өзара бəсекелесіп тұрған уақыты болатын. Хорасан мен Мəурəннəһрде негізінен, сүнниттік бағытты, соның ішінде, Имам Ағзам мəзһəбін ұстанатын мұсылман жамағаты өмір сүргенімен де, Иранға Шаһ Исмаил Хатаидың таққа келуімен, шиіттік ағым мемлекеттік дін болып жарияланады да, өзге жамағаттар ғақысым жасала бастайды. Осындай саяси-идеологиялық мəселелерді арыдан түсінген Бабыр дəстүрлі исламның негізгі ұстындарын өлең сөзбен жазуға кіріссе керек.