Әлемдік мәдениеттану ой-санасы 3 том
Мәдениеттанушылық антологияның үшінші томында тұңғыш рет қазақ тілінде әйгілі дәстүршіл ғалым Рене Генонның (1886-1951) еңбектері жарық көріп отыр. Рене Генон, Еуропаның гуманитарлық ойының ең бірегей деген бағытының негізін қалаушы. Кітапқа Р. Генонның өзі ғана емес, оның шәкірттері Титус Буркхардт пен Фритьоф Шюонның және сондай-ақ дәстүршілдермен тақырыптас салада еңбек еткен Серікбол Қондыбайдың да мақалалары еніп отыр.