Альмира Наурызбаева
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарған кезде мен бірнеше жылдар бойы сол кісінің тікелей басшылығымен еңбек еттім. Сол кезде-ақ ол кісінің бойынан ғалымдық және зиялылықпен қатар ұйымдастырушылық қабілетін, білім мен ғылымның сапасын көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ұмтылысын, осы саладағы барлық жаңалықты бағалау, сондай-ақ құнды нәтижелерді ажырата алу қасиетін таныдым.
Әрине, ол кісі жоғары деңгейде білім алған. Мәскеу Мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. Мәскеулік әріптестердің мойындауынша, бұл екі тілді әдеби-көркем поэзия өнері бойынша ең тамаша зерттеу жұмыстарының бірі болған. Қазіргі уақытқа дейін әдебиетте екі тіл, тіпті кейде үш тілді белсенді пайдаланатын елдердің ғалымдары бұл еңбекке сүйенеді. Оның осындай талапты болмысы мен философиялық ақыл-ой жүйесі, өзіне жоғары талаптар қоя алуы ол кісіні үнемі философиялық-теоретикалық сипаттағы мәселелер мен оның зерттеу пәнін терең оқып-зерттеуге жетеледі. Поэзия өнері – бұл әдебиет пен өнер теориясының маңызды бөлігі және ол әдеби шығармалардың жүйесін, өлең өнерін және әдеби тәсілдерді зерттейтін әдебиеттің бір бөлшегі. Ал бұл эстетика және философиямен тығыз байланысты.
А.Наурызбаева студенттік жылдардан бастап-ақ ұлы философтар Г.В.Ф.Гегель, Ф.Ницше, А.Тойнби, М.Хайдеггер, Б.Рассел және әсіресе М.М. Бахтин, Ю. Лотман, Е.М. Мелетинский, Д.С.Лихачев сияқты ұлы орыс мамандарының, сондай-ақ Гастон Башляр, Мишель Фуко сияқты еуропалық ғалымдардың еңбектерін оқып-зерттей бастады. Бұл – бүгінгі ақыл-ойдың шеңберін кеңейткен ғалымдардың тамаша тобы. Қазіргі уақытта ғылыми таным тез өзгерістерге ұшырап жатқанын Альмира Бекетқызы жақсы түсінеді. Қоғамдық өмірде ғылымның орны өзгеруде, оның табиғат пен қоғамды зерделеу тәсілдері мен түрлері, ғылымның қоғамдық сананың басқа салаларымен өзара байланыстары өзгерістерге ұшырауда.
Көп жағдайда қазіргі заманды көбінесе өзіне тән белгілердің жиынтығы шоғырланған кезең ретінде көрсетеді. Тіпті философтардың бірі қазіргі кезеңді тарихи кезең ретінде емес, қондырғы ретінде қарастырады. Мишель Фуко: «Қондырғы дегенді өзектілікке байланысты қарым-қатынас тәсілі, жекелеген адамдардың ерікті таңдауы және тіпті бір уақытта белгілі бір нәрсеге тиістілік пен міндетті көрсетіп тұратын ойлау және сезіну, іс-әрекет пен мінез-құлық тәсілі деп түсінемін», – деген болатын.
Альмира Бекетқызы қазіргі өмірдің өзгерісін сезінеді. Әрі бұл өзгерісті үздіксіз байланыс, қозғалыс арқылы анықтауға ұмтылуда. Ол үшін қазіргі заманның талабына сай адам болу дегеніміз осы үздіксіз қозғалысты түсіну және қабылдау, соған байланысты белгілі бір мақсатты ұстану және бұл ерікті мақсаттың негізгі мәні қазіргі кезеңнің өзіндегі белгілі бір мәңгілікті ұғынып алу.
Мишель Фуконың: «Қазіргі кезең сәннен (модадан), яғни жай ғана өмір ағымынан қалмаудан ерекшеленеді. Бұл ұстаным осы күнгі бар даңқты ұғынып алуға мүмкіндік береді», – дегені дау тудырмайды.
Бұл жағдай, яғни уақытты сезіну және мәңгілік туралы ой оны өзгермейтін тақырып – гуманизмді зерттеуге бағыттайды. Ол кісінің гуманизм (адамгершілік) мәселелерімен байланысты көп жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесі 2003 жылы «Гуманизм мәдениет антропологиялық дискурсының концепті ретінде» атты тақырыпта философия бойынша докторлық диссертация ретінде ұсынылып, тамаша қорғалды.
Альмира Бекетқызы өзінің барлық ғылыми жұмыстарында асығыстықтан аулақтауға тырысады.
Бірде ол кісі өзінің кейбір әріптестерінің айтқан ғылымсымақ демагогиясын шыдамдықпен тыңдап, рұқсат сұрап, мынаны айтқанын есіме түсіремін: «Мен әріптестерімді тыңдап, мынандай ойға келдім. Жоқ, дегенмен де Маркс мәңгі! Көп жағдайда оның ойлары мен сөздері барлық нәрсені және негізінен Маркстің өзін шын мәнінде зерттеуді тұмшалайтын жай ғана ұрандарға айналуда. Мен бұны өмір сапасының құбылысы сияқты түсініктің іс жүзінде гуманитарлық негіздері шын мәнінде экономикалық негіздермен тепе-теңдік жағдайында болу керектігіне байланысты айтып отырмын. Ал гуманитарлық негіз дегенімізді қалай түсінеміз? Осы жерде айтылған осы түсініктерді адамдық сипатқа енгізу. Статистиканың тілі зұлым болып саналады, себебі, бір жағынан, ол адамды бір нәрсеге сендіреді, анық және дәл, екінші жағынан, ол нақты жағдайды сандар тізбегімен тұмшалайды. Іс жүзінде контекстен әртүрлі салаларды таңдап алып, былай деп айтуға болады: иә, біз жақсы өмір сүріп жатырмыз. Біреудің гаражында екі машинасы бар, біреу зәулім үй тұрғызып жатыр және т.с.с. Бірақ бір жағынан, осындай материалдық игілікті иеленген азамат өзін тұлға ретінде көрсете ала ма? Адамның физикалық және материалдық сипаттағы қажеттіліктен басқа тағы екі жоғарғы қажеттілігі бар. Ол жеке өзін-өзі көрсету және рухани жетілдіру.
Егер біз өмір сапасының ұлттық үлгісін жасауға ұмтылсақ, ол міндетті түрде гуманитарлық, экономикалық, әлеуметтік, саяси бірліктерден құралу керек. Біз хрусталь (шыны) сарайлар тұрғыза аламыз, бірақ осындай жағдайда айталық, ел ішінде жемқорлық қаншалықты құрықталады?». Әрине, бұндай ұстаным, адамға өзінің әсерін тигізеді.
Ғалым және педагог ретінде Альмира Бекетқызының тұлғасы оның жұмысында бейнеленеді. Ол гуманизм мен мәдениет туралы жазғанда, әрине, өзінің мәні бойынша осындай керемет атауға көптеген адамдар ғасырлар бойы қиянат жасағанын түсінеді. Мәселен, дінге қарсы шыққан гуманизм, тақуалыққа және одан да жоғары теоцентристік гуманизмге қарсы қойған христиандық гуманизм қалай өмір сүрді.
Біз білетініміздей, ғылымға сенімсіздік, дұшпандық және сыншылдық танытқан гуманизм болған, сонымен қатар, керісінше, сол ғылыммен өзінің үміттерін байланыстырған басқа гуманизм де бар. Марксизм де гуманистік болып саналды, тіпті гуманистік құндылықтарды ұлтшыл-социализм ретінде көрсеткен, сталиншілдер де өздерін гуманизмді жақтаушылар деп жариялаған кезең де болды.
Бірақ Альмира Бекетқызы өздерін гуманизм негізінде көрсеткендердің барлығын артқа тастау керектігін анық түсінеді. Адамның өзін жетілдіруіне қызмет жасайтын гуманизмге көңіл аудару ол кісіні қызықтырады. Гуманист әрқайсымызда адамға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтін адам туралы түсініктерді көркейту мен ақтауға қызмет жасайды.
Альмира Бекетқызы пікірталас өнерімен қаруланған, кез келген жағдайда ол кісі тиянақты жауап, көрнекті дәлелдер табады.
Ол өзінің уақтылы айтылған пікірімен, күтпеген және өткір сұрақтарымен асқақтаған шешенді орнына қояды. Бұл тіпті талғампаз тыңдаушыларды таңқалдырады. Міне, мәселен, ол кісінің жемқорлық туралы заңға байланысты айтқан пікірі: «Егер әлеуметтік ынтымақтастық мәдениеті болмаса, ешқандай заң жұмыс істемейді. Бұл мәдениет барлық деңгейлерде бірдей болу керек. Жай ғана мысал келтірсек: егер жоғарғы қабаттағы көрші бүгін мысалы, жөндеу жұмыстарын жүргізсе, өзінің суды өшіретінін көршілеріне айту қажеттігі туралы ой оны мазаламайды. Былай қарасаң қарапайым нәрсе, бірақ бұл істелмейді. Осындай жағдайлар бізде барлық нәрседе кездеседі...»
Ол кісі тілге, баяндау стиліне, өзінің әңгімелесуші әріптесінің ішкі жан дүниесінің қозғалысына көп көңіл аударады. Қарым-қатынастағы қарапайымдылығына сәйкес кез келген өзін сыйлайтын әңгімелесуші әріптесі өзін соған сәйкес, лайықты және биязы ұстауға ұмтылады. Барлық нәрседен оның зиялылығы және талғампаздығы дауыс тембірінен, сөз саптауынан көрінеді.
Мен профессор Альмира Наурызбаевамен достық қарым-қатынастамын және бұл достықты қадірлеймін. Бірде мен кездейсоқ мынандай көріністі бақыладым. Бір абитуриенттің анасы деканға (Альмира Бекетқызы декан болған кезде) өзінің қызына жатақханадан орын беру туралы өтінішпен келді.
Баратын жері де, ақшасы да жоқ, жатақхананың әлі дайын еместігін естіп, жылай бастады. Сол бейтаныс әйелге Альмира Бекетқызы оның қызының өзінің үйінде тұра тұруға мүмкіндік жасайтынын айтты... Тек аса мейірімді және рухы жомарт адамдар ғана осылай істей алады...
Бірде ол өзінің әңгімесінде шенеуніктердің, депутаттардың сөйлеген сөздерін зейін сала тыңдай жүріп, олардан «мәдениет» деген сөзді сирек еститінін айтты. Бұндай жағдайда қоғамда мәдениетсіз өнегелік болу мүмкін емес. Ең қарапайым адамгершіліксіз әлеуметтік заңдар, экономикалық заңдар жұмыс істемейді, үкімдер орындалмайды. Қазіргі ғылым мен білім өмір сүре алмайды, өйткені, мысалы, дамуға бағытталған жоғары бағалы жобаларды тексеру қиын.
Ел абыройының өндірілетін мұнайдың көлеміне байланысы жоқ. Ол нағыз беделді университеттердің , ауруханалардың, жақсы мектептердің санымен, ғылым, музыка, көркем сурет сапасымен, халықтың еңбекқорлығымен, жүріс-тұрысымен тікелей байланысты...
Альмира Бекетқызы танымал әрі дарынды педагог. Оның дарынын шәкірттеріне берген білімінен ғана емес, олардан көп талап етуінен, өзінің көзқарасын қорғауда дербес болғанын көргісі келетінінен байқаймыз. Оның шәкірттерінің ішінде де дарындылар баршылық. Солардың қатарында жазушы Дидар Амантай мен ғалым-саясаттанушы Санат Көшкімбаевты мақтанышпен атауға болады.
Ал шынайы абырой қашан да ар-ожданмен үйлеседі. Сол үйлесім Альмира Бекетқызының тал бойынан менмұндалап тұрады.
Сафар АБДУЛЛО.
Көп оқылғандар
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато