Әлемдік мәдениеттану ой-санасы 7 том
Қазіргі жаһандану заманында барлық ықпалдардан ада жергілікті мәдениет беймүмкін. Әмбебап нарықтық, бүкілөркениеттік байланыстар қалай дамыса, мәдениеттердің араласып, бір-біріне кірігуі де сонша дамыған. Жалпы, біздің дәуіріміз шектен тыс ақпараттануымен әйгілі. Міне, постмодернизм дегеніміз осы шектен тыс ақпараттанған адамзаттың мәдениеті.
Қазіргі кезде постмодернизм мәдениетін мойындамауға болмайды. Оның дәлелі осы томға кірген авторлар мен олардың шығармаларының жиынтығы. Егер осыдан бес-алты жыл бұрын жаңалыққа бейім деп жүрген зиялыларымызға шейін “постмодернизм” деген сөздің өзінен шошитын болса, қазір мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының ұйғаруынша осы мәдени ағымға екі том арнап отырмыз.
Соның ішінде қолыңыздағы томға антологиялық принцип бойынша жинаған үзінділер емес, дербес шығармалардың аудармалары кіреді. Бұл біздің қоғамдық санамыздың, мемлекетіміздегі мәдени саясаттың өсіп-өркендеуінің дәлелі, біздің дамыған елу елдер арасында орнымызды ойып алатынымызға бірден-бір айғақ.