Кеш емес...
Бұл кітап – жамбылдық жас қаламгер Нұрхожаев Нұрсұлтан Қамалханұлының шынайы ой-толғаулар жинағы. Автор өз өміріндегі елеулі сәттер мен өмірлік сабақтарды көркем тілмен кестелеп, оқырманды терең ойға, рухани ізденіске жетелейді. Адамгершілік пен адами құндылықтар, үміт пен сенім, өзін табу секілді тақырыптар кітаптың өзегіне айналған. «Кеш емес» – әр сәттің қадірін ұғынуға, жан тазалығын сақтауға, шынайылықты жоғалтпауға үндейтін туынды. Бұл кітап – жүрекпен оқылатын, жанға азық болатын дүние. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Бөлісу:
