Қолтаңба
«Қолтаңба» атты кітапқа еліміздің ақпараттық кеңістігінде есімі кеңінен танылған журналист, аудармашы-жазушы Мәди Алжанбайдың әдебиет, мәдениет, руханият мәселелерін қамтыған мақалалары мен сұхбаттары, әңгімелері мен аудармалары топтастырылған. Адам – қоғам – заман үштігіне қатысты ой-пікірлерді арқау еткен еңбектерде ұлт болашағы – өскелең ұрпақ тәрбиесіне, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуге қажетті тетіктер қарастырылған.
Кітап қалың оқырманға арналған.