Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 1 том
Бұл кітапта тарих саласындағы көне Шығыс классикалық әдебиеті үлгілерінен қазақ тіліне аударылған үзінділер берілді. Жинаққа енген материалдар әлемдік тарихи ойдың қалыптасу және даму кезеңдері мен ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды. Антологиялық принцип бойынша құрылған үзінділердің алдында шығармалардың жарық көру тарихы, уақыты, негізгі мазмұны мен олардың авторлары жайында мәліметтер берілген. Белгілі еңбектерден алынған үзінділер, олардағы мәліметтер оқырманды болашақта шығармалардың толық мәтінімен танысуға ынталандырады деп білеміз. Құрастырушылар томға мүмкіндігінше ескертулер мен ғылыми-анықтамалық сілтемелер енгізген.
Аталған еңбектер бұрын-соңды қазақ тіліне аударылмаған. Орыс тіліндегі аудармалардағы тілдік, этнографиялық айырмашылықтар қазақ тілді қауымға осы күнге дейін түсініксіз болып келгені де ескерілді.
Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.