Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 5 том
«Ресей тарихи ойы» аталатын бесінші томға ресейлік тарихнаманың озық үлгілерінен алынған үзінділер енді. Қазақстандағы тарихи ой ХІХ ғасырдан бері ресейлік тарихнаманың ықпалында болғандығы белгілі. Ресей тарихи ойына жеке кітап арнағанда осы жағдай ескерілді. Томда берілген еңбектер мазмұнына қарай Ресей отан тарихының классиктері, тұжырымдаушы тарихшылар, жеке проблемалардың іргелі зерттеушілері, археографтар және деректанушылар болып жіктелді. Еңбектерінен үзінді келтіргендердің арасында Н.М. Карамзин, С.М. Соловьев, В.О. Ключевский, М.П. Погодин, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин, И.Ю. Крачковский, т.б. тарих ғылымының өкілдері бар.
Аталған еңбектердің басым бөлігі бұрын соңды қазақ тіліне аударылмаған. Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымына арналған.