Төрт амал тіршілік
Тіршілік несімен құнды? Өмірдің мәні төрт амал тіршілікпен дәріптелмей ме? Қара қой болмаса, қара қазан қайнай ма? Тал түсте қара қойдан қалай айырылдық? Жазушы Қуандық Түменбайдың хиқаяттарында өмірдің осындай күрделі мәселелері қозғалып, сауал болып қойылады. Ал әңгімелерінде тәуелсіздік тұсындағы ұлтжанды кейіпкерлердің жаңаша мінез-құлқымен, жаңа қоғамға тән жаңаша іс-әрекетімен қауышамыз.